Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Nissan дағдарысының себебі анықталды

Nissan дағдарысының себебі анықталды
Nissan компаниясының дағдарысына басшылықтың қателіктері себеп болды, деп жазады Reuters агенттігі.

Бірнеше жыл бұрын компанияның бас директоры Макото Учида гибридті көліктерден бас тартып, барлық назарды толық электрлі көліктерге аудару туралы шешім қабылдаған. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, гибридті көліктерге деген тұтынушылардың қызығушылығы әлдеқайда жоғары екені белгілі болды. Бұл қателік Учиданың басшылық қызметінен айырылуына әкелуі мүмкін, ал Nissan компаниясы өз болашағы үшін күресуге мәжбүр. Сарапшылар компанияның дағдарыстан шығу үшін тек бір жыл уақыты бар деп отыр.

Учида қабылдаған шешімнің салдарынан гибридті Nissan көліктері АҚШ-тың үлкен нарығына жептеді.  Reuters мәліметінше, жапондық компания басшылығы бензин-электрлі көліктерге сұраныс жылдам өседі деп күтпеген. Мұны Учида өзі де мойындап, жіберген қателігін растады.

Өткен айда Nissan компаниясы операциялық пайдасының құлдырағанын хабарлады: қаржылық жылдың алғашқы жартысында ол 90 пайызға азайды, ал таза пайда 94 пайызға төмендеді.

Бұл жағдай компанияны қатаң үнемдеу шараларына көшуге мәжбүр етті. Өндіріс көлемі 20 пайызға қысқартылып, қызметкерлер саны азайтылатыны және 2025 қаржылық жылға арналған операциялық пайда болжамы 500 миллиард иеннен 150 миллиард иенге дейін төмендетілгені хабарланды.

Көптеген басқа автоөндірушілер сияқты, Nissan электрификация жоспарын қайта қарап, 2027 жылға дейін 30-дан астам жаңа көлік шығаруды және олардың жартысына жуығын іштен жану қозғалтқышымен жабдықтауды жоспарлап отыр. Алайда, бұл жаңа стратегия қауіп астында тұр, себебі кейбір болжамдар бойынша, егер инвесторлар табылмаса, Nissan компаниясы 12-14 айдан кейін жабылып тынуы мүмкін.

Ұқсас материалдар