Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Biz Birgemiz» қорының басшысы тағы 200 млн теңге жымқырған – ҚМА

«Biz Birgemiz»  қорының басшысы тағы 200 млн теңге жымқырған – ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайраттың заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғаны жөнінде ақпарат таратты.

Қаржылық мониторинг агенттігі ресми ақпаратында 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинағаны жазылған. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.

– 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды”, делінген ҚМА ақпаратында.

Ұқсас материалдар