Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент қосымша құн салығын көтеру туралы ұсынысты қолдады

Президент қосымша құн салығын көтеру туралы ұсынысты қолдады

Үкімет Салық жүйесін реформалау аясында қосымша құн салығын көтеріп, ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынған еді. 

Қазір бұл меже 78 миллион теңгені құрайды. Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысына қосымша құн салығын көтеруді көздейтін салық реформасын ресми түрде таныстырған болатын.  

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің қосымша құн салығын (ҚҚС) ұлғайту жөніндегі ұсынысын қолдады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС бойынша шекті 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді көздейтін жаңа салық реформасын ұсынды. Бұл ретте оның мөлшерлемесін арттыру жоспарланып жатыр. Министрлер кабинетінің мүшелері бұл соманы парламент мүшелерімен талқылайды.

Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдады.

Ұқсас материалдар