Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды akorda.kz.

«Жиын барысында ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды», - делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

Айта кетейік, Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуі жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Биылғы кездесуде басқа бұрынғы жылдары шақырылатын ірі кәсіпкерлердің көпшілігі байқалмады. Олардан тек Astana Group иесі Нұрлан Смағұлов, Sulpak пен Alser-дің иелерінің бірі Алмас Сұлтанғазин, Тимур Құлыбаевтың бизнес серіктесі Данияр Абулғазин, Lancaster Group-тың иесі Берік Қаниев, Freedom Holding Corp.иесі Тимур Турлов қана бар. Есесіне бұрын мұндай кездесулерде көріне қоймаған «Magnum cash&carry» ЖШС басқарма төрағасы Азамат Османов, «Прима Дистрибьюшн» ЖШС иесі Александр Гарбер, Alina компаниялар тобының негізін қалаушы Ерік Балфанбаев, Kazakhstan Paramount Engineering құрылтайшысы Айбек Барысов, «Шин Лайн» компаниясының негізін қалаушы Андрей Шин қатысқан. Жиынға жалғыз әйел кәсіпкер «Единый Консолидирующий Центр» ЖШС басқарушы директоры Замира Кузиева қатысқан. БАҚ нәзік жанды кәсіпкердің сенатор, белгілі бизнесмен Зәкіржан Кузиевтің қызы екенін жазды.

Aqorda.kz -тің хабарлауынша кәсіпкерлер макроэкономикалық саясат, соның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеуге және экономиканың нақты секторына қолжетімді несие беруге қатысты пікірлерін ортаға салған. Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру аясында жүйелі цифрландыру, көлік-логистика саласын белсенді түрде дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толыққанды пайдалану, экономиканы индустрияландыру, әсіресе, отандық автомобиль өнеркәсібін ілгерілету мәселелері көтерілген.

Ұқсас материалдар