Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz —«Даму» қоры 2020 жылға арналған Қазақстандағы және оның өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің даму жағдайы туралы есеп дайындады.
Бұл есепте Қазақстандағы ШОБ жағдайының мониторингінің нәтижелері берілген, өңірлер контекстінде ШОБ даму көрсеткіштерінің салыстырылуы берілген.
2020 жылы COVID-19 пандемиясына қарамастан, Қазақстан экономикасы көптеген салаларда өсуді жалғастырды. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2,0%-ға өсіп, жыл соңында 1 357 мың бірлікті құрады. Тіркелгендер арасындағы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің үлесі 84,3%-ды құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары.
ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны бір жылда 2,2%-ға өсіп, 2021 жылғы 1 қаңтарда 3 473 мың адамды құрады. Республика бойынша жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санындағы ШОБ саласында жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 1,1 пайыздық тармаққа өсіп, 39,8%-ды құрады.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл өңірлер елдегі барлық ШОБ субъектілерінің 36% құрайды. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің ең азы Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі.