Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытай кинотеатрлары өткен жылы 7,75 млрд долларға билет сатты

Қытай кинотеатрлары өткен жылы 7,75 млрд долларға билет сатты

2023 жылы қытайлық кинотеатрлар 54,91 млрд юань немесе 7,75 млрд долларға 1,3 млрд билет сатты. Бұл 2019 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

2022 жылы билет саудасы 30 млрд юаньнан асқан.

Агенттіктің жазуынша қытай кинопрокатында жергілікті кинолар сұранысқа ие. Олардың үлесіне кассалық жиналымның 83,8% немесе 46 млрд юань тиген.  

Ең көп касса жинаған фильм – «Толып аққан қызыл өзен» кинокомедиясы. Екінші орында «Кезбе жер ІІ» ғылыми-фантастикалық блокбастері, «Енді ставка жоқ» драмасы үшінші орында.

Кассалық табыстың ең көп жиналған кезі жаңажылдық демалыс күндері болған. Үш күнде киностудиялар 1,53 млрд юань табыс тапқан. Жаңажылдық кассаның ең көп үлесі, 40%-ын «Жарық жұлдыз жарқырайды» романтикалық фильміне тиеселі. Мерекелік демалыста фильмге 608 млн юаньнің билеті сатылған.

Алайда миллиардтық Қытай нарығы АҚШ-ты қуып жете алған жоқ. 2023 жылы Америкада кинофильмдерден түскен кассалық жинақ 9 млрд доллардан асқан. Бұл пандемиядан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Алайда пандемияға дейінгі көрсеткішке 2 млрд доллар жетпейді. Билеттің көп сатылуына «Барбенхаймер» вирустық құбылысы әсер еткен. Box Office Mojo мәліметінше  «Барби» ішкі нарықта 636 миллион доллар, «Оппенгеймер» – 626 миллион доллар жинаған.

Ұқсас материалдар