Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әр балаға 130 доллар: Ұлттық қордан 2,5 млрд доллар бөлінді

Әр балаға 130 доллар: Ұлттық қордан 2,5 млрд доллар бөлінді

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 6 918 656 қазақстандық балаға 130,71 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат есептелді.

Бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылып келеді. Оның мақсаты – балалардың болашақта білім алуына, тұрғын үй жағдайын жақсартуына немесе зейнетақы жинағына бастапқы қаржы қалыптастыру.

Жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы барлық кәмелетке толмаған балалар арасында теңдей бөлінеді. Сонымен қатар бұрын есептелген сомаларға инвестициялық табыс қосылады.

Нәтижесінде:

  • үшінші жыл қатысып отырған баланың жинағы – 370,56 доллар,

  • екінші жыл – 263,93 доллар,

  • бірінші жыл – 130,71 долларды құрады.

Бағдарлама басталғалы бері балалардың шоттарына шамамен 2,5 млрд АҚШ доллары есептелген.
Ал 2026 жылы 356 613 қазақстандық 18 жасқа толып, өз жинақтарын пайдалану құқығына ие болады.

18 жасқа дейін бұл қаражат БЖЗҚ-да нысаналы талап ретінде сақталып, инвестицияланады. Кәмелетке толғаннан кейін оны тұрғын үйге немесе білім алуға жұмсауға, не зейнетақы жинағы ретінде қалдыруға болады.

Балалардың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты ата-аналар kids.enpf.kz, eGov mobile арқылы, ал кәмелетке толған азаматтар enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тексере алады.

Ұқсас материалдар