Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресейлік екі ірі банк әуекомпаниясын құрады

Ресейлік екі ірі банк әуекомпаниясын құрады

Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – ВТБ мен Сбербанк бірігіп аймақтық әуе компаниясын құрады. Бұл туралы ВТБ-ның басшысы Андрей Костин айтты деп хабарлайды, РИА Новости.

Оның айтуынша компания жаңадан немесе әуекомпанияларының бірінің базасында құрылады.

«Біз Сбербанкпен бірге кеңесшілерді жалдадық, қазір жобаға оператор іздеудеміз. Әзірше концепциямен жұмыс істейміз, үкіметке ұсыныс жасамадық», -деді Костин.

Оның айтуынша бұл үкіметтің тапсрымасы емес. «Идея Герман Оскаровичтен (Греф, Сбербанк басшысы-ред.) шықты. Мен оны қолдадым», - деді ВТБ басшысы.

Әуе компаниясының қашан жұмыс істей бастайтыны белгісіз. Инвестиция көлемі шамамен миллиард долларды құрауы мүмкін.

Ұқсас материалдар