Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге  жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы рекордтық 29 млрд долларға жетті. Бұл туралы Владимир Путиннің Қазақстанға сапары қарсаңындағы брифинг барысында  көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп жазды ресейлік БАҚ. 

Оның айтуынша, 2025 жылы екі ел арасындағы өзара сауда көлемі айтарлықтай өсіп, тарихи рекорд орнатқан.

Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Қазақстанның сыртқы саудасындағы Ресейдің үлесі шамамен 19%-ды құрайды, - деді Юрий Ушаков.

Сондай-ақ ол екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда ресейлік қатысуы бар 23 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, екі ел машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, ғарыш саласы және өзге де бағыттар бойынша 70-тен астам ірі инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Айта кетейік, бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды

Ұқсас материалдар