
Мұнай тасымалдауда Ресей үшін Қазақстанның орны бөлек. Қытай сатып алған мұнайдың едәуір бөлігі біздің ел арқылы өтеді.
Мәселен, биылғы 10 айда ресейлік кеніштерден өндірілген 8 млн тонна мұнай шығыстағы көршіге жеткізілді. Бұдан бөлек екі ел арасында энергетика, цифрландыру, агроөнеркәсіп салаларында тығыз байланыс орнаған.