Ребрендинг швециялық Tele2 A.B берген лицензия мерзімінің аяқталуына да байланысты жасалған.
«Оператор швед брендін пайдалану құқығына лицензияның мерзімінің аяқталуына алдын ала дайындалды», - делінген хабарламада.
Компания ребрендингке дайындықты екі жыл бұрын бастағанын, жаңа логотип пен бренд атауы агенттік қатысуынсыз компанияның ішінде әзірленгенін хабарлады.
2024 жылдың соңына қарай оператор барлық монобрендтік көрме залдарын және федералды бөлшек сауданың шамамен 95%-ын жаңа стильде қайта жобаламақ.
Айта кетейік, 2013 жылдың наурыз айында швециялық Tele2 AB ресейлік еншілес компаниясын ВТБ-ға сатып, брендті 10 жыл мерзімге пайдалану құқығын берді. Кейінірек ұялы байланыс операторын «Ростелеком» сатып алды.
Ал биылғы 1 сәуірде ресейлік Tele2 2024 жылдың соңына дейін ребрендинг жасау ниеті туралы хабарлады. Компания Tele2 швед телеком холдингінің 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын брендті пайдалану лицензиясын ұзартпау туралы шешім қабылдады.