«Сот-медициналық сараптамасының ресми қорытындысын күтіп отырмыз. Бұны Алматы қаласының Бостандық аудандық Полиция басқармасы қарап жатыр. Біз бұл мәселені ұмытқан жоқпыз, сараптама нәтижесін күтуге мәжбүрміз, ресми түрде ақпарат береміз», - деп жауап берді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің мәлімдеуінше, қазір субұрқақ штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Техникалық жағынан тағы да тексердік, субұрқақтан ақау жоқ. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін тиісті шешім қабылданады», - дейді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, биыл 19 маусымда Алматыда Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында жас жігіт қайтыс болды.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





