Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Салық берешегі бар кәсіпкерлердің тізімі ашық жарияланатын болды

Салық берешегі бар кәсіпкерлердің тізімі ашық жарияланатын болды

Қазақстанда салық берешегін уақытында төлемеген кәсіпкерлер туралы мәліметтер ашық жарияланатын болады.

Тиісті бұйрыққа Қаржы министрі Мәди Такиев қол қойды. Құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Ережеге сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары тоқсан сайын комитеттің ресми сайтында салықтық берешегі белгіленген шекті мөлшерден асатын және пайда болған күннен бастап 120 күн ішінде өтелмеген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізімін жариялап отырады.

Жарияланатын ақпарат құрамына салық агентінің тегі, аты-жөні немесе ұйым атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, компания басшысының аты-жөні және жалпы берешек сомасы енгізіледі.

Құжатта салықтық міндеттемені орындамағандарға қолданылатын шаралар да бекітілген. Оларға:

  • өсімпұл есептеу;

  • банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

  • кассалық шығыс операцияларын шектеу;

  • мүлікке билік етуге тыйым салу жатады.
    Шараның түрі берешек көлеміне байланысты анықталады.

Егер берешек 20 АЕК-тен аспаса, мемлекеттік кірістер органы 5 күн ішінде салық төлеушіге хабарлама жібереді. Борыш 20 жұмыс күні ішінде өтелуі тиіс. Уақытында төленбеген жағдайда бизнеске жоғарыда аталған шектеулер қолданылады.

Жаңа тәртіп кәсіпкерлердің салықтық тәртіпті сақтауына ынталандыру және берешекті азайту мақсатында енгізіліп отыр.

Ұқсас материалдар