Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сирек металл өндіретін 5 зауыт қашан ашылады?

Сирек металл өндіретін 5 зауыт қашан ашылады?

Сирек металдар қолдағы телефоннан бастап, елімізде көбейіп келе жатқан электромобильдер өндірісіне ауадай қажет.

Сондықтан отандық өндірушілер жеделдетіп жаңа өнімдерді өндіруге күш салып жатыр. Мәселен, батарея материалдарын, тұрақты магниттерді және ыстыққа төзімді қорытпаларды өндіру секторларын дамытуға назар аударылып отыр. Биылдан бастап елде марганец сульфаты моногидраты шығарылады. Яғни қазір әлемдік нарықтың 5%-і отандық өндірушілер иелігінде.

Сонымен қатар Сарытоған кен орындарының бірінен графит концентратын өндіру жоспары бар. Бұдан бөлек, неміс компаниясымен бірлесіп литий кен орындарын игеру бойынша жобалар қолға алынды. Ал Оңтүстік Корея компаниясы Шығыс Қазақстан облысындағы литий қорын барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов: «Алдағы төрт-бес жыл ішінде литий катодын, никель және кобальт өндіретін бес зауыт ашылады. Қазіргі таңда оңтүстіккореялық компания елдегі литий қорын зерттеп жатыр. Осыдан кейін біз литий силикат минералын және литий катодын да өндіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз әлемдегі жоғары сапалы марганец катодының 5%-ін шығарамыз. Келесі жылы көптен күткен екі жоба арқылы бұл үлесті 11% немесе 12%-ке жеткізуді көздеп отырмыз»,  – деді 24.кз-ге берген пікірінде.

Ұқсас материалдар