Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әскерилердің жалақысы 2026 жылы тағы өседі – Қорғаныс министрлігі

Әскерилердің жалақысы 2026 жылы тағы өседі – Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда әскери қызметшілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап офицерлер, сержанттар және қатардағы әскерилердің жалақысы тағы да артады.

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап офицерлік құрамның айлығы орта есеппен 20,3 пайызға, ал сержанттар мен қатардағы әскери қызметшілердің жалақысы 33,9 пайызға ұлғайған. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап бұрын тоқтатылған далалық төлемдер жүйесі қайта енгізілді. Енді әскери қызметшілерге далада, теңіз жорықтарында және оқу-жаттығуларға қатысқан әрбір тәулік үшін іссапар рәсімдемей-ақ 1,2 АЕК мөлшерінде төлем төленеді.

Қорғаныс министрлігі алдағы кезеңде жалақыны арттырудың екінші кезеңі жүзеге асатынын атап өтті. Атап айтқанда, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап офицерлердің жалақысы тағы 23 пайызға, ал сержанттар мен қатардағы құрамдікі бірінші кезең деңгейінен қосымша 10 пайызға өседі.

Ведомство бұл шаралар әскери қызметтің беделін арттыруға және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар