
Қытайлық Lynk & Co автомобиль бренді ресми түрде Қазақстан нарығына шығады. Бұл туралы Orbis Аuto автомобиль тобы хабарлады.
Компанияның хабарлауынша Orbis Аuto құрылымына кіретін қазақстандық «Lynk Auto» ЖШС мен Geely Holding Group құрамына кіретін қытайлық Lynk & Co компаниясы екіжақты шартқа ол қойған. Осылайша Orbis Аuto Lynk & Co маркалы автомобильдердің Қазақстандағы алғашқы және жалғыз ресми дистрибьюторы аттанды.
Компания алғашқы Lynk & Co автокөліктерін 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығармақ. Алғашқы кезде сатып алушыларға 2.0 бензинді қозғалтқышы бар Lynk & Co 03 спорттық седаны және Lynk & Co 09 премиум кроссовері ұсынылмақ. Екі модель де Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы Zeekr дилерлік орталықтарында сатылады.
Orbis Auto автомобиль тобының бас директоры Динара Искакованың айтуынша, Lynk & Co - жай автомобиль бренді ғана емес.
«Lynk & Co автомобильдері стильді, динамиканы және жайлылықтың жоғары деңгейін бағалайтын заманауи жүргізушілерге, сондай-ақ даралыққа аса мән беретін адамдарға арналған, себебі Lynk&Co өзінің жарқын және теңдестірілген дизайнымен әдеттегі автомобильдерден ерекшеленетіні анық. Біз брендтің Қазақстан нарығына ресми шығуы әуесқой автомобильшілерге автокөлікті басқару тұжырымдамасына жаңа көзқараспен қарауға және сервистің дәстүрлі жоғары деңгейінен ләззат алуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті Динара Искакова.
Lynk & Co маркасы 2016 жылы іске қосылған, осы уақытқа дейін Қытай нарығына он модель, 1,3 миллионнан астам көлік шығарды. 2025 жылдың басында Lynk & Co жаһандық премиум бренді ретінде Zeekr Group құрамына кірді.