Өсудің барлығы дерлік Halyk Bank пенForte Bank-тің үлесіне тиді: олардағы депозиттерінің көлемі 701,2 млрд теңгеге өсті. Банк секторының сегіз ойыншысы бірден 413,7 млрд теңге көлеміндегі депозиттен айырылды. Оның ең көбі Еуразиялық банкке тиеселі.
Ағымдағы жылдың тамыз айындағы депозит өсімі бойынша ТОП-10 банк тізіміне (2023 жылдың тамызымен салыстырғанда) ForteBank, Банк ЦентрКредит, Алматыдағы Қытайдың Өнеркәсіптік және коммерциялық банкі, Ислам Банкі Заман-Банк және Нұрбанк кірді. Ал Freedom Finance Bank Kazakhstan, Citibank Kazakhstan, First Heartland Jusan Bank (өткен жылы 1 орын), Shinhan Bank Kazakhstan және Otbasy Bank тіімде бұрыннан бар.
Тамыз айының соңында депозиттер көлемі ең жоғары өскен 10 банк (абсолюттік мәнде) келесідей:
1. Halyk Bank. Депозиттер көлемі 440,5 млрд теңгеге өсті – 14,5 трлн теңгеге дейін – өткен жылы 5-орын.
2. ForteBank. Депозиттер 260,7 млрд теңгеге – 3,6 трлн теңгеге дейін өсті – өткен жылы 20-орын.
3. ЦентрКредит банкі. Депозиттер 227,9 млрд теңгеге – 5,6 трлн теңгеге дейін өсті – өткен жылы 17 орын.
4. Bank RBK. Депозиттер көлемі 79 млрд теңгеге – 1,98 трлн теңгеге дейін өсті – өткен жылы 8-орын.
5. Bereke Bank. Депозиттер 76,6 млрд теңгеге – 2,15 трлн теңгеге дейін өсті – өткен жылы 6-орын.
6. Алматы қаласындағы Қытайдың өнеркәсіптік-коммерциялық банкі. Депозиттер көлемі 35,7 млрд теңгеге – 308 млрд теңгеге дейін өсті – өткен жылы 13-орын.
7. «Заман-Банк» ислам банкі. Депозиттер 23,8 млрд теңгеге – 44,3 млрд теңгеге дейін өсті – өткен жылы 15 орын.
8. Нұрбанк. Өткен жылы депозиттер 12,2 млрд теңгеге – 433,1 млрд теңгеге өсті – 11 орын.
9. «Al Hilal» ислам банкі. Депозиттер 11,3 млрд теңгеге – 133 млрд теңгеге дейін өсті – өткен жылы 10-орын.
10. Home Credit Bank. Депозиттер көлемі 10,5 млрд теңгеге өсті – 783,3 млрд теңгеге дейін – өткен жылы 2 орын.