Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тауар биржалары: мәні және даму жолдары

Тауар биржалары: мәні және даму жолдары

Тауар дегеніміз - айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал-жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттаңдырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз.

Тауардың екі жақсы касиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттың, пайдалылығы оны тұтыну құны    етеді.

Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы.

Тауар өндірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Басқа сөзбен айтқаңда, тауар өңдіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін, жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін (мысалы ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға салып, ол өнімдерді тайпа басшылары бөліп отырған.

Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті — оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты.

Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну құндарын айырбастаудағы сан қатынастарын (пропорцияны) байқатады. Мысалы, бір пар етікті бір қап бидайға айырбастаса, бір пар етіктің айырбас құны бір қап бидайдың қүнына тең деген сөз. Етік пен бидай түрліше заттар.

Тауарларды теңестіретін, өзара салыстырып өлшейтін негіз — олардың  еңбек  өнімі,   белгілі  еңбек  шығындарының  нәтижесі.  Тауар Курстық жұмыс еңбектің ғана шығыны ретінде қаралса құн болып саналады. Екінші сөзбен айтқанда, құн дегеніміз — тауарға сіңген еңбек.

Анықтамасы бойынша тауар биржасы дегеніміз саудалау жолымен тауарларды нарықта сату-сатып алуға материалды жағдай жасайтын корпорация мүшелерінің корпоративті, коммерциялық емес ассоциациясы болып табылады. Алайда, бұл үғым әлі де болса қарапайым қазақстандықтардың жадында қалыптасып үлгермеген сияқты. Дегенмен, даму негізін нарықтық экономика құрып отырған бүгінгі таңдагы барлық өркениетті елдер экономикасында тауар биржасы елеулі рөл атқарып келеді. 17 миллионға жуық халқы бар, энергетикалық ресурстарға бай, жоғары квалификациялы еңбек ресурстары бар Қазақстан республикасы тауар, қызмет көрсету және капитал нарығы бойынша қыруар потенциалы бар мемлекет. Сондықтан, тауар биржаларының Қазақстан экономикасында жуық арада өзінің лайықты рөлін алатыны сөзсіз.

I.  Tayap биржасының қазіргі нарықтық экономикадағы орны.
1.1 Тауар биржасы жайлы түсінік және оның функциялары

Биржа - біріншіден, белгілі бір тауарларды күнделікті саудалау орны, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы шикізат, валюта, бағалы қағаздарға байланысты келісімдерге ықпал ететін сауда делдалы, екіншіден, осы саудалауды ұйымдастыратын және осы саудалауды өткізуге байланысты ережелерді жасайтын жеке және заңды тұлғалардың бірлестігі, және, үшіншіден, мемлекеттің экономикалық инфроқұрылымындағы биржаның орнын анықтайтын,   басты белгісі болатын, ерекше бағабелгілейтін механизм. Берілген анықтамаға байланысты, биржаның көп функционалдылығын көреміз. Биржаның негізгі функциялары төмендегілер болып табылады:

  1. Сату-сатып алу   процессін,   сатушы   мен   сатып   алушының кездесуін    ұйымдастыру    және    саудалау    орнын    дайындау. Биржада сатушылар өз тауарын ұсынады, ал сатып алушылар тауарды   бағалап,   берілген   шарттармен   келісіп,   келісімдерге отырады   немесе   келісімдердің   қандай   да   бір   параметрлері ұнамаса, өзінің тарапынан ұсыныстар жасайды. Егер алғашқы кезде   биржа   сатушылар   өз тауарларын,   өнімдерін   әкелетін көтерме   сауда   орны   болса,   қазіргі кезде   биржа   тікелей тауарларды сату-сатып алу, тауарларды ақшаға айырбастау орны емес, белгілі бір тауарға байланысты келісімге келу орнына айналды.
  2. Спекуляцияға бақылау   жүргізу.    Келісімдерді   ұйымдастыру барысында, саудалау ашықтығына байланысты кез келген сатып алушы   биржада   өзіне   керекті тауарды   сатып   ала   алады, сондықтан, спекуляцияға бақылау жасалынады.
  3. Белгілі бір баға корректировкасын білдіретін, жедел құралдар саудасы арқылы сақтандыру. Осы арқылы екі жақ тарапынан тәуекелді өтеу қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген, биржаны анықтайтын негізгі функциялармен қатар, қосалқы функцияларын көрсетейік. Олар:

  1. Биржалық бағаларды       нарықтық   ұсыныс   пен   сұранысқа байланысты қалыптастыру   және   реттеу. Белгілі бір деңгейде бағаны тұрақтандыру.
  2. Биржалық тауарлардың   стандарттарын   орнату.   Биржаларда тауарлардың    өзін    өткізбей,    осы    тауарларға    байланысты келісімдерге қол қойылады. Сондықтан, салмағы, көлемі, сапасы жағынан стандартталған тауарлады сатып алу тиімді.
  3. Келісімдерді жасауға көмектесетін, биржа мүшелеріне типтік келісімдерді дайындау.
  4. Саудалаудың тиімдірек     іс-әрекетіне     әкелетін,     саудалау ережелерін дайындау мен саудалау дәстүрін тұрақтандыру.
  5. Уақыты үнемдеу   мен   айналым   шығындарды   төмендететін, биржа   мүшелерімен   жеңілдетілген   есептеу   процедураларын жүргізу. Биржа мүшелері әр жасалынған келісім үшін қаражаттарын бөлмейді, олар белгілі бір сома көлемінде салым жасайды. Кейінірек осы салымды есеп айырысу палатасы ұтылған және жеңгендердің арасында бөледі.
  6. Биржадағы саудалаудың   барысын   айқындайтын,   сатылатын тауарлар   мен   басқа   материалдардың   котировкасы   жайында информациялық бюллетендерді шығару.
  7. Клиенттерге әрдайым үлғайатын қызметтер спектрін ұсыну.
  8. Тауарлар мен шикізаттар нарығын арнайы механизм арқылы қалыптастыру.

Осы функциялардың орындалуы тауардың сату-сатып алу операцияларын юктивті және рационалды іске асырылуына әкеледі.

Тауарлы биржалар бүл - стандартталған материалды-затты тауарларды сатуға, сатып алуға байланысты тауарлы операция бойынша келісімдерге келетін арнайы тәуелсіз мемлекеттік емес ұйымдар. Биржалық саудалаудың негізгі тауарлары - оңай стандартталатын, былай айтқанда биржалық тауарларларға жататын, шикізаттың барлық түрлері (мұнай, металлдар, ағаш және т.б.), ауыл шаруашылық өнімдері, және оңай стандартталатын әрдайым өнеркәсіптің әртүрлі салаларына аралық шикізат болатын тауарлар (қағаз, картон, цемент, қрылыс заттары, мұнай өнімдері) жатады.

Биржалық тауарлар бірнеше топқа бөлінеді:[1]

  1. Өнеркәсіптік шикізат:

а) Түсті және бағалы металдар.

ә) Жанармай тауарлары - мұнай өнімдері, т.б.

  1. Ауыл шаруашылық өнімдері және оның өңделген өнімдері:

а) Астық өнімдері.

ә) Май дақылдары - мақта, күнбағыс дәндері, соя, т.б.

б) Мал өнімдері мен ет.

в) Текстиль өнімдері - жүн, мақта, жібек.

г) Тағамдар - қант, шәй, кофе, картоп, ағаш өнімдері т.б.

д) Каучук.

1.2. Биржа мүшелері және биржаны басқару.

Сатып алу, сату мен айырбасты жүзеге асыратын мемлекеттік, кооперативтік, делдалдық (брокерлік) фирмалар, банктер, шетелдік, біріккен және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар, жергілікті деңгейдегі кез келген заңды тұлғалар биржа мүшелері бола алады. Биржадағы мүшелік биржа залында саудалауға құқық береді. Биржа мүшелері комитеттер жұмыстарына қатыса алады және әртүрлі биржалық сайлаулар мен жиналыстарда дауыстарын бере алады.

Осындай комитеттердің әр алуан түрлері бар. Дайындау мен оқу комитеттерінен бастап сауданы реттеу мен сауда залының комитеттеріне дейін. Осыдан басқа биржа мүшелері арқырлы биржалық ақпарат алып, кітапханалық және ақпараттық орталықты қолдана алады, оқу және қайта дайындау программаларын өтеді. Егер, кез келген ұйымға квалификацияланған қү-рылтайшылардың көбісі және биржа мүшелігене ие ұйымдар мен кәсіпорындардың үлкен бөлігі дауыс берсе, онда сол ұйым биржа мүшесі бола алады. Сайлау биржа мүшелігене ие ұйымның қаражатының жағдайының деңгейіне байланысты өткізіледі. Биржа мүшелері алғашқы салым өткізуге тиіс, және егер олар биржа мүшелігінен шығатын болса бұл салым оларға қайтарылады. Биржа мүшелігіне жаңа мүше қабылдау құрылтайшылар мен биржа мүшелерінің ортақ жиналысында жүзеге асады. Биржа мүшелері әр жыл сайын мүшелік салым төлейді, бірақ олар биржалық саудалауға қатысушы ұйымдар мен мекемелер төлейтін ортақ салымдардан босатылады. Биржа мүшелерінің құқықтары:

1.Уставта   белгіленген   тәртіпке   байланысты,   биржа   басқаруына қатысу.

2.Саудалаудың ұйымдастырылуын жақсарту үшін жаңа ұсыныстарды биржаны басқаратын мүшелерге ұсыну.

  1. Шешуші дауыс құқығын қолданып, ортақ жиналыстарға қатысу.
  2. Ақпарат және басқа биржалық қызметтерді қолдану.

Биржаның шаруашылық іс-әрекетіне байланысты, биржа мүшелері өз салымдарының көлеміне қарай мүліктік жауапкершілікке ие. Биржа мүшелері өз жұмыстарын жеңілдету үшін жұмсшыларды жалдауға құқықтары бар. Бүл жұмысшыларға клерктер мен хатшылар түрінде саудаласу залына еркін кіріп, шығуға рұқсат етіледі. Биржа басқарушылары арнайы органдарды құрады. Олар - белгілі бір биржалық өмірдің сферасына байланысты құрылатын, басқарушылар кеңесі мен әртүрлі комитеттер.

Биржа бөлімшелеріне төмендегілер кіреді:

  • Ревизиялық комиссия   -   биржаның   қаржылық   іс-әректінің ревизиясын, құрылтайшылар мен биржа мүшелерінің ортақ жиналысында айтылатын отчетты дайындау және    ұйымдар мен тұлғаларға консультация беру міндеттерін іске асырады.
  • Арбитраждық комиссия    -    келісім    боынша    серіктестер арасындағы контрактілерді жасау, келісімдердің жасалуының дұрыстығын   қадағалау,    келісімдерге   отыру   және   жасау процессінде, биржа мүшелерінің арасында және клиенттердің арасында   пайда болатын даулы сұрақтарды тыңдап, тергеу жасап, шешеді.
  • Котировкалық комиссия - басты міндеті биржалық катировкаларды шығарып дайындау мен бағаның айналымын анализдеуге арналған басты орган.
  • Сауда этика комиссиясы - биржада саудалаудың ережелерінің орындалуын бақылайтын орган.
  • Биржа мүшелерін қабылдау     комиссиясы    -    биржаға қабылданатын жаңа мүшелердің өтініштерін және мүшелікке ие ұйымның қаржылық жағдайын анализдейді, қарайды.
  • Биржалық тауарлар бөлімі - биржадағы тауарлар жайылы консультация береді.
  • Экономикалық анализдеу бөлімі     -     өнім     нарығының конъюнктурасына бақылау жүргізеді.
  • Администрациялық-шаруашылық бөлім    -    бухгалтерияны жүргізу,    кадрларды   дайындау,    қоймалық   және   таралық шаруашылық жайында мәселелерді шешеді.
  • Ақпараттық орталық.
  • Биржалық саудалауды жақсарту бөлімі.
  • Биржалық келісімдерге байланысты есептеулер бөлімі.
  • Биржалық мүражай.
  • Сауданы ұйымдастыру бөлімі.
  • Іскерлік операциялар    жайындағы    комиссия    -    биржа мүшелерінің жұмыстарының "тазалығын" бақылайды.
1.3. Тауар биржаларының іс-әрекетін ұйымдастыру және оның құрылымы
  1. Биржалық зал.

Биржалық зал - тауар биржасының жүрегі болып табылады. Осы залда сатып алушылар мен сатушылар (өздері немесе брокерлер көмегімен) саудалауды екіжақты аукцион - бағаны сатып алушыларда көтеру және сатушыларда төмендету принципы бойынша жүзеге асырады. Биржалық саудалау - бір жерде біріңғай және бір уақытта өтетін көп аукуиондардың жиынтығы.

Биржалық келісімдер арнайы істеліп, бір жерде жасалынады. Сауда бірнеше тауарларға бірақ жүргізілетіндіктен, әр тауар түріне белгілі бір жеке бөлме (зал) немесе сол саудаласу залының бір секциясы бөлінеді. Осы секциялардың едені зал еденінен төмен болады, сондықтан, бұл секциялар «үңгір» (яма) деп аталады. Әр үңгірде тауардың бір түрімен сауда жүргізеді.

Баға айқай салу жолымен тағайындалады. Егер екі адам бағаны бірдей айтатын болса, тауарды бағасын даусын қатты көтеріп айтқан сатып алушы алады. Сақтандыру үшін. айқай тағыда арнайы іс-қимыл жүйесімен алмастырылады. Іс-қимыл брокер тілі болып келеді. Брокерлер қанша типтік контрактілерді сату немесе сатып алу керектігін, ақпарат алмасып саусақтарының іс-қимылымен біледі.

Тауарды сату немесе сатып алу туралы үкім, телефон арқылы саудаласу залына тікелей биржа мүшелеріне жетеді. Тапсырыс берушілер өз үкімін инструкция, мысалы минималды немесе максималды баға, белгілі бір көлем арқылы белгілейді. Тапсырыста келу уақыты белгіленгеннен кейін, брокер-сатушыға үңгірге жеткізіледі. Үңгірдің өзі, белгілі бір айға байланысты келісімге қол қойылатын, бірнеше секцияға бөлінген. Келісімге қол қойылғанда. маклер арнайы бланкіге өз контрагентінің кодын, келісмге қол қою кезіндегі уақытты, келу айын, тауар бағасын және көлемін белгілеп жазады. Осы ақпарат әр үңгірдегі брокер-сатушылар мен брокер-сатып алушыларға және компьютердегі есеп жүйесіне беріледі. Баға туралы ақпарат биржадағы саудалау залының таблосына және басқа биржалар мен биржалық ақпарат компанияларына жеткізіледі.

  1. Маклериат және биржалық конторалар.

Тауар биржаларының қызметіне бйланысты негізгі қызмет етуші тұлғалар -биржалық маклерлер мен брокерлер анықталды.

Маклериаттың негізгі міндеті - биржалық залда биржалық сауданы ұйымдастыру. Маклер - клиенттер тарапынан және тапсырыс бойынша ұсыныс пен сүранысты анықтап, биржа тарапынан келісім шарттарын келісімдеу, тіркеу және рәсімдеу жұмыстарын іске асыратын делдал. Маклер брокерлерге сауда келісімдерін жасауға мүмкіндік береді.

Маклердің функциялары:

  • Келісімдерді рәсімдеу, жасау.
  • Екі жақ тарапынан келісім міндеттемелерінің орындалуына қадағалау жасау.
  • Шарт алдындағы міндеттемелерді бір жақ орындаудан бас тартқан жағдайда, сатып алушылар мен сатушылардың талаптарын міндетті түрде орындауға бағытталған шараларды іске асыру.
  • Биржалық саудалауға түсетін   тауар   партиясының   экспертизасын жасау.

Брокерлер биржада және биржадан тыс, биржа мүшесінің немесе клиентінің тарапынан және олардың қаражатынан, делдалдық қызметтерді сату-сатып алу келісімдерін жасағанда іске асырады. Олар нарық конъюнктурасын, өнімді сатып алу және өткізу мүмкіндіктерін жанжақты біледі. Олар кішігірім тауар ассортиментінде маманданған. Брокердің негізгі мақсаты - тауарды ортақ нарық айналымына енгізуге көмектесу. Сатушы-тауар иелері брокерлерге саудалауға бір күн қалғанға дейін, тауар биржаларында жұмыс істейтін брокерлерге тауар сатылымы туралы тапсырыстарын береді. Брокерлер биржада брокерлік орынды брокерлік бөлімшелер арқылы сатып алған тұлғалар. Саудалаулар секциялар бойынша жүреді. Әр секцияға саудалауды жүргізуші - маклер тағайындалады. Маклер брокерге олардың қалаулары бойынша, ұсыныстарын жариялау үшін сөз ұсынады. Келесі үш минут шеңберінде сүранысты анықтау жүреді, бірақ осы кезде брокер сату шарттарын өзгерте алмайды. Егер брокер өз ұсынысының алынып тасталуы туралы жарияламаса, онда бүл ұсыныс іске асады, және сатып алушы биржалық жиналыс бойы ұсынысты көпшілік өзгерткенге дейін, брокермен келісімге отыруға құқығы бар. Осымен қатар әрбір қалаушы тұлға, биржада өз атынан және өз қаражатынан өзі немесе профессионалды делдалдар - биржалық маклерлер мен брокерлік конторалар арқылы келісімге отыруға құқығы бар. Биржа мүшелері брокерлік бөлімшелерді (контораларды) ұйымдастыруға байланысты ерекше құқықтарға ие болуы керек. Жабық тауар биржаларында, биржа қатысушылары мен бір рет қатысатын тұлғалар атынан, олардың ықыластарын білдіретін биржалық маклерлер мен брокерлер арасында ғана келісімдер жасалынады. Ашық биржаларда биржа клинеттері өздері немесе делдалдар арқылы контрактіге қол қоя алады.

Тауар биржаларының жақсы іс-әрекеті брокерлік бөлімшелерге тікелей тәуелді. Брокерлер негізгі табысты биржа мүшелігінен емес, өзі атқаратын делдалдық іс-әрекетінен алады. Брокер неғұрлым көп келісімдер жасаса, соғұрлым ол жоғары мөлшерде комиссия алады.

  1. Биржалық котировка.

Қазіргі   кезде  тауар   биржаларындағы  биржалық  баға  котировкасы  зор мағынаға ие. Мысалы, Чикагодағы биржада тамақ өнімдеріне бағаны анықтау үшін брокерлер оқтын-оқтын жиналады. Және осы бағалар бүкіл ел ішіңде қолданылады.

Биржалық котировка - контрактілік бағалардың тұрақтылығын және белгілі бір уақыт периодында (биржалық күн) биржалық келісімдер бойынша жай бағаларды енгізуді айтады. Бұл биржадан тыс келісімдерге қол қою кезіндегі бағдар болып табылады.

Қазіргі күнгі фьючерстік биржаларда бағалар жәй бағдарлық шектерден асады. Әлі шығарылмаған тауар келісімдердің басымдылығы, биржалық жиналыс болатын күн көрсетілген контрактілерге қол қоюды меңзейді. Және де сол биржалық жиналыс болатын күннің бағдары сату бағасы болып табылады. Мысалы, қүжаттарда келешек есеп айырысулар Стокгольм биржасында, айдан кейін қолданылатын котировальді бағамен жүргізілетіні жайлы алдын-ала белгіленеді. Бұл уақыт шеңберінде бұл контракт он шақты рет қолдан-қолға өтіп, спекуляцияға жол беруі мүмкін. Алайда, биржалық котировканың негізгі ролі - қатысушыларға тауар биржаларындағы бағалық пропорцияларда бағдар беру көмегі. Сондықтан, баға котировкасы дегеніміз - биржаның кәсіпкерлерге ұсынатын нарық конъюнктурасы жайлы басты мәліметі.

Саудалаудың нәтижелеріне сәйкес котировальді комиссия типтік бағаны енгізеді. Бүл типтік баға ең мүмкін баға болып табылады, өйткені оған кездейсоқ факторлар әсер етпейді. Келісімдер көп болған жағдайда, бүл баға орташа келісімнің контрактілері жайылы, және олар осы берілген тауарды сатып немесе сатып алып алғысы келетін бағалар жайылы мәліметтер котировка үшін бастапқы материал болып табылады. Бүл материалда келісімнің бағасы мен сатылым көлемі, келісімге келу кезіндегі биржадағы жағдай міндетті түрде ескеріледі.

  1. Биржалық арбитраж.

Арбитраждық комиссия - өзіндік сот болып табылатын, бірақ жоғарғы соттық инстанция болып келмейтін орган. Бұл орган біреуге тәуелді болмау керек, сондықтан оның мүшелері биржа қатысушылары мен клиенттері болуы мумкін емес. Арбитражды комиссия келесімен байланысты даулы сұрақтарды шешеді:

  • Контрактілерді сату.
  • Саудалауды ұйымдастыру.
  • Заңдар мен ережелердің орындалуы.
  • Контрактілердің орындалуы.

Осымен     қатар     комиссия     биржаға     қатысушыларға,     міндеттемелерін орындамайтын клиенттер туралы ақпарат береді.

  1. Биржалық баспа.

Биржалық сауда өз жұмысын сауда ақпаратынсыз жүргізе алмайды. Көптеген биржалар өзінің ақпараттық басылымын шығарады. Биржалық бюллетендерде келесі ақпараттар жарияланады:

  • Котировкалық кестелер.
  • Нарықтық бағалар.
  • Сұраныс пен ұсыныс.

Бұл бюллетендер биржалар арасында айналысқа түседі. Сондықтан олар барлық биржалық жүйелердің арасындағы байланыстырушы жүйе ролін атқарады. Осындай ақпарат алмасу көмегімен әрбір биржа нарықтың және биржалық жұмыстардың жағдайын біле алады.

  1. Жарнама.

Тауар биржасындағы жарнама келесідей міндеттерді атқарады:

  • Сұраныс пен ұсынысты зерттейді.
  • Биржада нарыққа жаңа енген тауарлар, оларды қандай көлемде сату болатындығы туралы ақпарат береді.
  • Сатып алушыларға   өнімдерді,   өнімнің   түлынушылық  қасиеттерін таныстырады.

Биржалық жарнама белгілі бір экономикалық функцияларды жүзеге асырып, биржада ұсынылатын әртүрлі тауарларға сатып алушыларды дайындап, бейімдейді. Осыған байланысты нарықтық қатынастар жағдайында биржалық жарнаманың негізгі функциясы - сатылатын немесе айырбасталатын тауар туралы шынайы, объективті ақпарат беру.

  1. Тауар биржасындағы базалық операциялар.

Клирингтік операциялар. Биржада келісімдерге қол қою барысында, саудалауға қатысушылар арасында біріңғай қарыздық міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Бүл қарыздық міндеттемелерді өтеу үшін есеп айырысу палатасы саудалау соңында келісімдерге анализ жасап, әрбір қатысушыға таза пайда орнатады. Бұл ыңғайсыз айналым есеп айырысуларын болдырмауға себепші болады.

Фьючерстік және форвардтық контрактілер. Бүл кез-келген тауарды болашақта сату немесе сатып алу туралы келісім. Форвардтық контракт -алдын ала белгіленген баға бойынша жақтар арасындағы болашақтағы келісім. Контракт бойынша есеп айырысу оны орындау кезінде жасалынады.

Опциондар. Фьючерстік контрактілерді алып сату кезінде тәуекел спекулянттардың мүмкіндіктерінен жоғары болуы мүмкін. Опцион осы тәуекелді төмендетеді. Клиент бұл жағдайда белгілі бір құқыққа ие болады, және өзіне тиімді болса, фьючерсті сатуға немесе сатып алуға міндеттенбейді. Бас тартқан жағдайда сатушы сатып алушыдан тәуекел бағасын алады. Тәуекел бағасы - әртүрлі  жағдайлармен алдын-ала келісілген және анықталган сыйақы мөлшері.

Хеджирование. Фьючерстік нарықтың негізгі қызметтерінің бірі тәуекелді болдырмауға тырысатын тұлғалардан (хеджерлер), тәуекелді қабылдауға келіскен (спекулянттар) тұлғаларға аудару. Бұған нарықтық контрактілерің стандартталғандығы және нарықтың жоғары ликвидтілігі сияқты қасиеттері ықпалын тигізеді. Барлық контрактілер стандартталған болғандықтан, қарама-қарсы жақтың сенімділігін, беріктігін тексеру керек емес. Ликвидтілік болашақта бағаның өзгеруіне тәуелсіз, тауарды тұрақты бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Спекуляция. Егер хеджер нарықтың тұрақты болуына қызығушылығын білдірсе, спекулянт керсінше тұрақсыздықты жақтайды. Келісімнен түсетін пайда онша көп болмайтындықтан, спекулянт әртүрлі шараларды жасауға мүмкіндігі бар. Спекулянт белгілі бір тауарды алуға қызығушылығын танытпайды. Спекуляциямен жоғары мамандандырылған трейдерлермен қатар, брокерлерге тапсырыс беретін жеке тұлғалар шұғылдана алады.

II. Қазақстандағы тауар биржаларының іс-әрекетін заңдылы реттеу.
2.1 Тауар биржалары жайлы жаргының нсгізгі баптары

Қазақстандагы тауар биржаларының іс-әрекстін реттейтін ең басты құжаттық құрал - 1995 жылы сәуірдің жетінші жүлдызында қабылданган Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар № 2170 «Тауар биржалары жайлы» жарлығы болып табылады, және де бүл жарлықтан басқа, 2000 жылы тамыздың он екінші жұлдызында қабылданған № 1253 «Қазақстан республикасындағы биржалық кызметтің даму шаралары жайлы» Қазақстан Республикасының үкіметінің Жарлығы да биржалық іс-әрекетті реттеуге бағытталған.

I бөлім.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1 бап. Тауар биржасының ұғымы

  1. Биржалық сауданың белгіленген тәртібі бойынша белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта ұдайы  көпшілік сауда өткізу арқылы биржалық тауарлардың көтерме саудасы жөніндегі ұйымдастыру және реттеу қызметін жүзеге асыратын, кез-келген меншік нысандарына негізделген заңды ұйым тауар биржасы болып табылады.
  2. Биржа - қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығыстарын өтеуге, биржа мен биржалық инфроқұрылымды ақпараттық-техникалық және әлеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект.

2-бап. Тауар биржасының аясы

  1. Биржа өзіне берілген  биржалық лицензияның  негізінде  биржалық тауарлармен көтерме сауда жүргізуге тікелей байланысты ү_йымдастыру және реттеу қызметін жүзеге асырады.
  2. Биржалардың биржалық саудаға тікеей байланысты емес сауда, сауда-делдалдық және   кез-келген  басқадай  қызметтерді   жүзеге  асыруға  тыйым салынады.

3-бап. Биржалық тауар

  1. биржа белгіленген тртіппен биржалық саудаа жіберген, айналымнан алынып тасталмаған белгілі бір тектес және сападағы тауар, соның ішінде аталған тауардың әкспортына рұқсаты (квотасы мен лицензиясы), стандартты контракті мен коносаменті биржалық тауар болып табылады.
  2. Биржа көпшілік  саудаға  шығаратын  биржалық  таар  нормативтік қү-жаттама мен қолданылып жүрген стандарттардың талаптарына сай келу тиіс.
  3. Ашық тауар биржалары арқылы ғана өткізуге жататын биржалық тауар тауарлар тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекітеді.

4-бап. Биржалық мәміле

  1. Биржалық тауарға қатысты биржалық саудаға қатысушылар жасасқан биржалық сауда барысында биржа тіркелген шарт (келісім, контракт) биржалық мәміле болып табылады. Биржалық мәмілелерді тіркеу және рәсімдеу тртібін қолданып жүрген заңдарға сәйкес биржа белгілейді.
  2. Белгіленбеген тәртіппен биржада жасалған мәмілелерге биржаның кепілдігі қолданылмайды.

5-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері

Биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда биржасында:

нақты тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара алысуға;

жеткізу мерзімі кейінге қалдырылған нақты тауарға (форвардты мәмілелер) қатысты қүдықтар мен міндеттерді өзара алысуға;

биржалық тауарды болашақта жеткізуге (фьючерлік мәмілелер) арналған стандартты контрактіге қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара алысуға;

биржалық тауарға немесе биржалық тауарды өткізуге арналған контрактіге (опциондық мәмілелер) қатысты құқықтар мен міндеттерді болашқта алысу қүқығына арналған құқықтарды беруге;

биржалық саданың ережелерінде белгіленген биржалық тауарға немесе контрактіге байланысты мәмілелер жасай алады.

6-бап. Биржалық саудаға қатысушылар

  1. Брокерлік ұйымдар, брокерлер, диллеолер және бір жолғы келушілер биржалық саудаға қатысушылар болып табылады.
  2. Биржалық сауда:

клиенттің атынан және оның есебінен, клиенттің атынан және өз есебінен немесе өз атынан және клиенттің есебінен (брокерлік қызмет) биржалық мәмілелер жасау;

кейін биржада қайта сату мақсатымен (диллерлік қызмет) өз атынан және өз есебінен биржалық мәміле жасау:

бір жолғы келушілермен өз атынан және өз есебінен биржалық мәміле жасау арқылы жүзеге асырылады.

7-бап. Тауар биржасының филиалдары мен басқа да бөлімшелері

  1. Биржаның қолданылып    жүрген    заңдарға    сәйкес    Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен басқа да бөлімшелерін құруға қүдығы бар, олардың қызметіне осы Жарлықтың және солар тұрған елдер заңдарының күші қолданылады.
  2. Биржаға меншікті брокерлік ұйымдар құруға тыйым салынады. Биржаның   штаттағы   қызметкерлері   биржа   саудасына   қатысушылар   бола алмайды.

8-бап. Тауар биржаларының биржалық одақтары, қауымдастықтары және басқа бірлестіктері

Биржалар өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерін қорғау және бірлескен бағдарламаларды, соның ішінде бірлескен саудалауды ү-йымдастыру жөніндегі      14бағдарламаларды жүзеге асыру үшін заңды ұйым қүқығы бар биржалық одақтарды, қауымдастықтар мен басқа да бірлестіктерді ерікті негізде және өз қү-рылтайшыларының келісімімен немесе олардың жалпы жиналысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құра алады.

9-бап. Занды тұлғалардың атауларында «тауар биржасы» деген сөздерді пайдалануды шектеу

Осы жарлықтың 1-ші және 2-ші баптарында белгіленген талаптарға қызметтері сай келмейтін заңды тұлғалардың биржалық сауданы жүзеге асыруға, өз атауында «тауар биржасы» деген сөздерді пайдалануға құқығы жоқ және бүл сөздер кез келген тіркесте қолданылған атаулармен мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

2.2. ІІ-бөлім. ТАУАР БИРЖАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ

10-бап. Биржаны құру

Биржалық құрылтайшылық қүжаттарды тіркеген күннен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға мәртебесіне ие болады.

11-бап. Тауар биржаларының түрлері

Көпшілік сауда өткізу дәрежесі бойынша биржалар:

биржалық саудаға тек биржаның мүшелері ғана қатысатын жабық;

биржалық саудаға келушілер де жіберілетін ашақ болуы мүмкін.

12-бап. Тауар биржасының құрылтайшылары

Биржаны Қазақстан Республикасының аумағында заң бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынбаған заңды және жеке тұлғалар қүра алады.

13-бап. Тауар биржасының жарғысы

Биржаның жарғысында:

биржаның атауы, түрі және орналасқан жері;

биржаға мүше қабылдау, мүшелікті кідірте тұру және тоқтату тәртібі;

ұйымдық-құқықтық нысанының белгіленуі;

биржаның негізгі міндеттері;

биржа мүшелерінің және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;

биржа мүшелерінің құқықтық жауапкершілігі;

жарғылық капиталының мөлшері;

биржа қүрайтын қорлардың тізбесі және қалыптастыру тәртібі;

биржаны басқару құрылымы және оны бақылау органдары, олардың функциялары мен өкілеттігі, шешімдер қабылдау тәртібі;

биржалық сауда ережелерін қабылдау тәртібі;

биржалық саудаға қатысушылар арасындагы биржалық мәмілелер, биржаның, оны, филиалдарының және басқа оқшауланған бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру мен реттеу жөніндегі дауларды шешу тәртібі;

биржа қызметін тоқтатудың тәртібі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

14-бап. Биржалық лицензия

  1. Биржалық қызмет   биржалық   лицензия    болғанда   ғана   жүзеге асырылады.
  2. Биржа лицензиясы биржаға Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия, егер мынадай шарттар сақталатын болса:

құрылтайшылық құжаттары мен биржалық сауда ережелерінің осы Жарлыққа, Қазақстан Республиксының басқа заңдарына және өзге де нормативті құжаттарына сәйкестігі анықталса;

жарғылық қордың төленген бөлігі оның жарияланған сомасының кемінде жетпіс процентін құрса, өтініш берген күннен бір ай кешіктірмей береді.

  1. Биржалық лицензияларды    беру,    олардың    күшін    жою    және қолданылуын   кідірте   тұру   тәртібі   Қазақстан   Республикасы   Министрлер Кабинеті   бекіткен   Тауар   биржаларына   лицензия   беру   туралы   ережемен белгіленген.

15-бап. Тауар биржасының мүшелері

  1. Биржадағы брокерлік орынды иеленетін заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетелдіктер де биржа мүшелері бола алады.
  2. Биржаға мүшелікке қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату тәртібі биржа жарғысымен белгіленеді.

Биржаға мүшелікке қабылдау биржа кеңесі беретін тиісті куәлікпен расталады.

  1. Келесі тұлғалар биржа мүшесі бола алмайды:

осы немесе қайсыбір басқа тауар биржаларының қызметкерлері;

лауазымда адамдар, соның ішінде филиалдары мен басқа да оқшауланған бөлімшелернің басшылары осы биржаның қызметшілері болып табылатын ұйымдардың барлық түрлері;

қоғамдық, діни және қайырымдылық бірлестіктері мен қорлары;

қолданылып жүрген заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті үзеге асыра алмайтын жеке тұлғалар.

  1. Биржа мүшелері:

биржаның түріне қарамастан көпшілік саудаға қатысуға;

кеңесші дауыс қүқығымен биржаны басқару органдарының жұмысына қатысуға;

өзінің биржалық саудаға қатысу өкілеттілігін атқаруды бір ғана заңды немесе жеке тұлғаларға тапсыруға қүқылы. Кепілдік беру шарты биржада тіркелуге тиіс. Биржалық саудаға қатысу қүқығын өзге түрде қайтара беруге болмайды.

16-бап. Тауар биржасының органдары.                                                                        1. Биржаның органдары: биржа құрылтайшыларың жалпы жинальюы, биржа кеңесі, тексеру комиссиясы болып табылады.

Биржа қү-рылтайшыларының жалпы жиналысы биржаның жоғарғы органы болып табылады және биржа мен оның мүшелерінің барлық құқықтары мен міндеттерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Биржа кеңесі биржаның атқарушы органы болып табылады.

  1. Биржа органдарының   атқаратын   функциялары   мен   өкілеттіктері, олардың   шешімдер   қабылдау   тәртібі   биржаның   құрылтай   қүжаттарымен белгіленген.

17-бап. Биржалық сауда ережелері

  1. Биржалық сауда ережелері;

биржалық негізгі құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын биржалық саудаға қатысушыларды алдағы болатын жария көпшілік сауда туралы хабардар ету тәртібін;

биржада осы сауданы өткізу тәртібін;

биржалық мәмілелер түрлерін;

оларды тіркеу мен есепке алу тәртібін;

биржалық тауарлар бағасын белгілеу тәртібін;

биржалық саудаға қатысушыларды өткен жария көпшілік саудадағы биржалық мәмілелер туралы, оның шінде биржалық мәмілелердің бағалары мен биржалық тауарлардың бағасын белгілеу туралы хабардар ету тәртібі;

биржа мүшелерін және биржалық саудаға басқа да қатысушыларды тауар нарықтары мен биржалық тауарлардың нарықтық конъюнктурасы туралы хабардар ету тәртібін;

биржалық мәмілелер жасасу кезінде биржа мүшелері мен биржалық саудаға басқа қатысушылардың өзара есеп айырысу тәртібін;

биржа өткізетін жария көпшілік саудада реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ететін шараларды, сондай-ақ осы шараларды қолдану тртібі мен шарттарын;

биржа тауарларының тізбесін;

биржа көрсететін қызмет үшін төлемдердің мөлшерін және биржаның оны алу тәртібін көздеуге тиіс.

  1. Биржалар сұраныс пен ұсыныс ескеріле отырып анықталған тауарларға белгіленген бағаны бұқаралық ақпарат құралдарында оқтын-оқтын жариялап тұруға міндетті.
  2. Биржалық сауданың   үлгі   ережелерін      Қазақстан   Республикасы Министрлер  Кабинеті   бұған  уәкілдік  берген  Тауар  биржалары  жөніндегі Республикалық комиссия бекітеді.

18-бап. Тауар биржасының қызметін тоқтату

Биржа қызметін тоқтату биржаның жоғарғы органының шешімі бойынша биржаның жарғысында белгіленген тәртіппен немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша асырылуы мумкін,

2.3. ІІІ  бөлім. БИРЖАЛЫҚ САУДАНЫ ¥ЙЫМДАСТЫРУ

19-бап. Тауар биржасындағы тауар сараптамасы

Биржалық саудаға қатысушының талап етуі бойынша биржа жария көпшілік сауда арқылы өткізілетін нақты тауарлар сапасының қалыпты құжаттама талаптарына сай келуіне сараптама ұйымдастыруға міндетті.

20-бап. Тауар биржасындағы мәмілелердің нәтижелері бойынша клиринг және есеп айырысу

  1. Мәмілелердің нәтижелері       бойынша      биржалық      саудаға қатысушылардың   айқын   позицияларды   есептеу   және   әрі   қарай   айқын позицияларды   есеп   айырысу   мекемесіне   беру   үшін   биржа   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар клирингтік орталықтар (палата) ұйымдастыра    алады    немесе    Қазақстан    Республикасы   Ұлттық   Банкінің лицензиясы бар клирингтік орталықтармен (палаталармен) шарттар жасаса алады.

Клирингтік орталық есеп айырысу жүргізу үшін жеке шарт жасасқан банк есеп айырысу мекемесі бола алады.

  1. Клирингтік орталық қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау     жөніндегі      укілетті      мемлекеттік      органның     банк операцияларының шектеулі тобын өткізуге арнайы лицензиясын алған кезде есеп айырысу мекемесінің қызметін орындай алады.
  2. Биржа биржалық      саудаға      қатысушылардың      қаржылық міндеттемелерінің    биржалық    сауда   нтижелері    бойынша   олардың   есеп айырысуларын орындауына кепілдік беретін түрлерін, мөлшерін және енгізілу тәртібін белгілеуге қүқылы.

21-бап. Тауар биржасында тарифтерді белгілеу

  1. Биржа:

Биржа мен оның бөлімшелері көрсететін қызметтеріүшін оның мүшелерінен және биржалық саудаға басқа да қатысушылардан биржаның пайдасына алынатын төлемдердің ставкасын;

Биржа жарғысын, биржалық сауда ережелерін және биржа белгілеген басқа да ережелерді бұзғаны үшін биржалық шартта көзделген экономикалық санкциялардың мөлшерін дербес белгілеуге құқылы.

  1. Биржаға:

биржалық тауарға бағаның деңгейі мен шегін;

биржалық мәмілелерге делдалдық еткені үшін биржалық саудаға қатысушылар алатын сыйақының мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.

  1. Көрсетілетін қызметтер үшін белгіленген тарифтер және биржалық саудаға қатысушылардан   алынатын   комиссиялық   алымдар   тарифтерінің прейскуранты биржалық саудаға кез келген қатысушының танысуына оңай болуға тиіс.

22-бап. Тауар биржасында дауларды шешу 1.Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар қолданылып жүрген  заңдарға  сәйкес  биржа  бекіткен  Аралық  сот туралы  қолданылып  жүрген ережеге сай жұмыс істейтін төрілік комиссиясында қаралуы мүмкін.

  1. Биржаның төрелік комиссиясының шешіміне белгіленген тәртіппен сотта шағым жасауы мүмкін. 

2.4. IV бөлім. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

23-бап. Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия

1.Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеуді Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асырады.

  1. Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия туралы Ережені Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті бекітеді.

24-бап. Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссияның функциялары

Республикалық комиссияның функциялары:

биржалық лицензиялар беру;

тауар биржаларының тізімін жүргізу;

биржа туралы заңдардың сақталуын бақылау;

биржа қызметін және биржалық сауданың дамуын зерделеу;

биржалық құжаттарыд дайындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу;

биржалық сауданың үлгі ережелерін бекіту болып табылады.

25-бап. Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссияның өкілеттігі

  1. Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия:

тауар биржалары туралы қолданылып жүрген заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және оларды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне тапсыруға;

биржа осы Жарлықты бұзған жағдайда биржалық лицензияны тоқтата тұру немесе оның күшін жою түрінде биржаға санкциялар қолдануға;

биржаға мемлекеттік инспектор тагайындауға;

биржалар мен биржалық саудалауларға қатысушылардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексерулер ұйымдастыруға;

қолданылып жүрген заңдарды ұзған биржаларға және олардың мүшелеріне санкция қолдану үшін материалдарды сотқа жіберуге, ал қылмыс белгілері байқалған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге құқылы.

  1. Республикалық комиссияға,    оның    лауазымды    адамдары    мен қызметшілеріне тауар биржаларының, биржа брокерлерінің және биржалық маудаға   қатысушылардың   қызметі   туралы   коммерциялық   қүпиясы   бар ақпаратты, заңдарда көзделген жағдайлардан басқа ретте жария етуге тыйым салынады. 

26-бап. Тауар биржасындағы мемлекеттік инспектордың өкілеттігі

Биржадағы мемлекеттік инспектор биржаның және биржалық саудалауға қатысушылардың қолданып жүрген заңдарды сақтауына тікелей бақылауды жүзеге асырады және:

биржа ұйымдастыратын саудалауға қатысуға;

кеңесші дауыс құқығымен биржа құрылтайшыларының, оның бөлімдерінің жалпы жиналыстарына қатысуға;

биржаны басқару мен бақылау органдары жиналыстары мен мәжілістерінің барлық хаттамаларын әрі олардың шешімдерін қоса, биржа қызметі туралы ақпаратпен танысуға;

биржа басшылығына ұсыныстар енгізуге және табыстамалар енгізуге;

тауар биржадары жөніндегі республикалық комиссияға ұсыныстар енгізуге;

тауар биржадары жөніндегі республикалық комиссияның шешімдерін биржаның және оның мүшелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

27-бап. Тауар биржасының дербестігіне кепілдіктер

  1. Мемлекеттік үкімет және басқару органдарының, қолданылып жүрген заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, биржа қызметне араласуына жол берілмейі.
  2. Мемлекеттік басқару органдарының сондай-ақ олардағы лауазымды адамдардың іс-әрекеті салдарынан биржалық мәмілелерді орындамау немесе мәмілелерге қатысушыларға     зиян     келтіру     орын     алса     Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.

28-бап. Тауар биржалары мен биржалық саудаласуға қатысушыларға салық салу

Биржалар мен биржалық саудаласуға қатысушыларға, сондай-ақ биржалық     саудаға   басқа қатысушыларға салық салу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

29-бап. Тауар биржаларындағы есеп және олардың статистикалық есеп беруі

  1. Биржа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді, қаржы және статистикалық есептілікті жасайды.
  2. Биржалардың статистикалық есеп беру нысандары мен оны тапсыру тәртібін мемлекеттік статистика органдары белгілейді.
  3. Биржаның лауазымды  адамдары  мемлекеттік  статистикалық  есеп беруді бұрмалағаны үшін занда белгіленген тәртіппен жауап береді.

III.    Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны

3.1 Қазақстандағы тауар биржаларының калыптасуы және дамуы

Қазіргі кезде тауар биржасы сыртқы экономикалық іс-әрекеттің керекті құралдарының бірі болып табылады, себебі өзінің ең негізгі – көтерме сауда биржаларын ұйымдастыру және реттеу қызметім атқара отырып, аумақ тұтынушыларына ресурсты-тауарлы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік және басқа да тапсырыстарды орындауға қолайлы жағдайлар жасайды.

Қазақстан Республикасында тауар биржалары 90 жылдары Қазақстан тәуелсіз мемлекет және халықаралық сауданың субъектілерінің бірі деп жариялағанда пайда болды. Ең алғашқы сатыда биржалар пайда болғанда, бір үлкен биржалық бум пайда болды. 1993 жылдың 1 қаңтарында республика аумағында 55 биржа өз жұмыстарын атқарды. Олардың арасында 24 универсалды биржа болса, 11 тауарлы-шикізатты биржа, 10 тауарлы, 3 фондты, 3 тауарлы фондты биржа болды. 1992-1993 жж. биржалар мөлшері алдыңғы жылдармен салыстырғанда өте көп болды. Алайда, олар қалай тез құрылатын болса, тура солай тез уақытта жойылатын болды. Мысалы, 1992 жылы республика аумағында 7 биржа жойылса, 8 жаңасы пайда болды[2].

Алғашқы кезде тауар биржалары өзінің мазмұны бойынша универсалды болды. Себебі, биржаларда кең ассортиментті тауарлар сатылды. Мәселен, батыс тауар биржаларында 160 тауар бірлігі ғана сатылды. Бұл биржалық тауарларға сапа жағынан біртектілік, бөлек өнім партияларының алмастырушылық қасиеті, көптік сұраныс және сатып алушылардың көп болуы тән.

Ірі келісімдер келесі биржаларда жасалды: АО РУТБ "Алма" (5602 млн. руб), РБ "Қазақстан" (1950,8 млн. руб) , АО "Орлан" Павлодар биржалық орталығы (1737,4 млн. руб), Қарағанды регионаралық тауар биржасы (1710,7 млн. руб), Қостанай тауар-шикізат базасы (1190,3 млн. руб), "Жібек-Жолы" Оңтүстік Қазақстан әмбебап биржасы (678,6 млн. руб).

1993 жылы биржалық іс-әрекеттің азаюы байқала бастады. Осы азаюдың басты себебі - сатып алушылар мен сатушылардың биржалық қызметтерден бас тартуы болды. Осымен қатар брокерлердің биржа жұмысына зейіні азайды, себебі ақпараттық жүйені құрған соң олар биржаға қатыспай занды операцияларды жасай бастады. Олар, басқаша айтқанда пайдасы жоғарырақ экспорттық-импорттық келісімдермен айналыса бастады. Және де сол мезетте арнайы мамандандырылған делдалдар, сауда үйлері пайда бола бастады. Олар тауар биржаларымен өте үлкен бәсекелестікте болды. Бірақ та, тауар биржаларының республика көлеміндегі аз эффективтілігінің басты себебі ұсыныс пен сұраныстың сәйкессіздігі болды.

Бұл келесіден білінді:

  • биржадағы ұсыныс пен сұраныста бөлек тауар группаларының жеке көлемі әртүрлі болды;
  • тауар группаларының    ішінде    сұранысқа    ие    тауарлар    мен ұсынылатын тауарлар түрлері сәкес келмеді;
  • сатушылар бағасы  мен  сатып  алушылар  бағасы  және  жеткізу шарттары сәйке келмеді.

Осының бәрі биржалық айналымға әсерін тигізді. Бірақ та, осы қиыншылықтарға қарамастан, қалптасқан биржалық құрылымдар бірлестікке ұмтылды. Сондықтан, Регионаралық биржалық одақ құрылды. Ол өзінің құрамына 13 республика кәсіпкерлерлерін және Орта Азия мен Қазақстан биржа Ассоциациясын қосты.

Сонымен, республикада биржалық қозғалыстың пайда болуы орталықтанған қамту өзгертілгенде және оның орнына шаруашылық іс әрекеттің толық еркіндігі келгенде, 1991 жылдың басына сәйкес келді. Тауарлар дефициты кезінде тауар биржаларында барлығы, тамақ өнімдерінен бастап үй техникасы, автомобильдерге дейін сатылды. Тауар биржаларының іс-әрекетінің бұл периоды қысқа болды. Биржалық қозғалыстың республика аумағында дамуының жаңа сатысы болып, сыртқы экономикалық іс әрекеттің либерализациясы табылды.

1995 жылы сәуірдің 7-де қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар № 2170 «Тауар биржалары жайлы» жарлығы көмегімен ашық биржалық саудалауларда еркін баға қалыптастырудағы мемлекеттік механизмдерды енгізуге және әртүрлі өнім нарықтарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Халықаралық Агроөндірістік Қазақстан биржасы (МКАБ) арқылы 6 %-дық экспорттық квоталарды сатудан ғана мемлекет бюджетіне 38 млн. теңге (4 млн, доллар шамасында) аударылды.

1995 жылдың шілдесінде ҚР Министрлер Кабинетінің «Биржалық тауарлар тізімі туралы» жарлығы шықты. Бұл жарлықта сыртқы және ішкі нарықтарда тауар биржасы арқылы өткізілетін белгілі бір тауарлар номенклатурасы көрсетілген. Олар, негізінен, шикізатты ауыл шаруашылық өнімдерін, ұнды, металдарды, мұнай және мұнай өнімдері болды.

МКАБ-та тауарлар бағасын есептеу методикасы, әлем нарықтарындағы баға динамикасына бақылау жасады, демпингке қадағалау жасайтын эксперттік группалар өз жұмыстарын атқарды. Сондықтан, барлық контрактілер тізімге алынды.

Өз табыстарын биржалар жасыра алмайды, себебі олардың әрекеті абсолютті мөлдір болып табылады. Биржа өзінің 0,2% көлеміндегі комиссиясын ғана алады. Сонымен қатар, биржа бюджетке салық ретінде аударатын салымдар көлемі өте маңызды. Мәселен, МКАБ 1996 жылы бюджетке 19 млн. теңге аударды.

1995 жылдың күзінде ҚР Үкіметі сыртқы сауда режимін біржолата және қайтып либерализациялады. Экспорттық квотаның барлығы дерлік жойылды. Лицензиялар тек сегіз экспорттық және тоғыз импорттық тауарларға - қарулану, радиоактивті материалдар, психотроптық заттар, жарылғыш заттарға және т.б. ғана қалды.

Мемлекеттік сыртқы сауда ұйымдарының маңызды өнімдердің экспорты мен импортына монополиялық бақылауы жойылды. Сыртқы сауда келісімдерінің көбісі тауар биржасы арқылы жасалды. Биржаларда бағаларға

бақылау жасау және демпингті болдырмау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия жұмыс атқарды. Ол сыртқа сауда бағалары белгілі бір деңгейден төмен болмауына қадағалау жасады. Он тоғыз тауарға қатысты биржада экспорттық келісімдерді тізімге алу талап етілді.

Сонымен, Қазастанда тауар биржалары 10 жыл бойы өз жұмысын атқаруда. Бірінші сатыда тауар биржаларына бақылаусыздық және апыр топырлық тән болды. Осының нәтижесінде тауар биржалары жүздеп болды. Бірақ та, республиканың сыртқы экономикалық іс әрекетін либеризациялаған сайын, құқық базасын жасап оны тұрақтаған сайын, тауар биржаларының жұмысында демпингтік бағаларға тыйым салынды, экспорттық квоталар жойылды, тізімге алу кезіндегі талаптар және биржаның іс әрекетіне бақылау қатал күшейтілді.

3.2 .Қазақстандағы ірі тауар биржалары және олардың қызметі

Қазақстанда бірнеше тауар биржалары жұмыс атқарады. Осы биржалардың тікелей жетістігі болып өркениетті астық нарығын құру, тауарлар ұсынысы мен сұранысы арқылы әлемдік бағалардан жоғары сатылатын орта азиялық аумақта мұнай өнімдері нарығын құру, қара металдардың прокатын Қытай, Иран, Түркияға 10-15%-ға өндіруші зауыт бағасынан жоғары көтерме баға бойынша сату, осы мемлекеттерге қара металдарды әлем бағалары деңгейінде сату.

Республиканың сыртқы экономикалық қызметінде бартерлік операцияларға тыйым салу оң нәтиже берді. Осыған байланысты тауар данасына баға көтерілді. Шетелге ашық және бәсекелестік тауар сатылымы арқылы Қазақстан зор мөлшерде экономикалық пайда тапты және соның нәтижесінде 1995 жылы алғашқы рет сыртқы сауда сальдосы оң болды.

Қазақстан тауар биржалары үшін астық нарығын либеризациялау «жастық эликсирі» болды. Астық айналымы бойынша бірінші биржа болып -Халықаралық Агроөндірістік Қазақстан биржасы (МКАБ) есептеледі. Ол реалды тауарлар келісімдерімен қатар астық фьючерстерін енгізгісі келеді. Ірі астық сатушылар облыстар көлемінде жиналған бидайды осы биржа арқылы экспорттаған. Бұл негізінен МКАБ-тың 1000 тоннадан асатын астық партияларына сыртқы сауда келісімдерін тізімге алғандығымен байланысты, ал басқа биржаларға бұл жарыстарды атқаруға тыйым салынды. Осыған байланысты бір жерде ұсыныстар көлемі көп болды, ал бұл Қазақстан астығын импорттаушылардың көңілін аударды. Және мүдделі құрылымдардың, ауыл шаруашылық Министрлігінің, салық инспекциясының, кеденнің жақындығы тағыда бір маңызды себеп болады.

Астық нарығын дамытудың екі проблемасы бар.

Біріншісі - астық қызметіне мемлекеттің араласуы. Республикалық баға комиссиясымен (РЦК) белгіленген минималды бағалар нарықтың астық конъюнктурасымен әрдайым сәйкес келмейді.

Екінші проблемасы - нарықтың криминализациясы. Астық өндірушілер "астық-доллар" сызбасы бойынша өз өнімдерін сатқысы келеді немесе машиналар мен мүлікке айырбастағысы келеді.

Биржалық бум басылған соң көптеген биржалар өз жұмыстарын тоқтатты, бәсекелестік күресте тек қана мықтылар женді. Осындай бір биржа болып Қарағандыда орналасқа «Кең-Дала» Орталық Қазақстандық тауар биржасы табылады. Ол алғашқы кезден ақ классикалық типтегі биржа болуға ұмтылды. Республика Үкіметінің жанындағы республикалық тауар биржалары бойынша комиссиясы Қазақстан аумағында тіркелеген барлық биржаларды тексеріп, тек қана екі МКАБ және «Кең-Дала» биржасының барлық берілген талаптарға сай екендігін көрді.

Биржада әрқашан да құрылыс материалдарының, металдың, прокаттың, мұржалардың, халық тұтынатын тауарларың, былай айтқанда өнімді өндіруге және кәсіпкерлік қызметке керекті заттардың кең ауқымы бар. Өткізу мәселелерімен қатар биржа баға белгілеу проблемаларын шешеді. Себебі, Қарағандыда апта сайын ашық саудалаулар жүргізеді. Сол саудалауларда металл, көмір, автомобильдер, астық, жүн және басқа да өнімдер шығарылады. Саудалау жолымен әр тауардың оптималды бағасы белгілі болады.

2006 жылы биржа саудалауларында ортақ тауар массасы 5,7 миллиард долларды құрады. Биржа котировкасы республика бойынша екінші. Ішкі нарықта келісімдердің 60%, ал сыртқа нарықта 40% жасалды.

Ал негізгі биржалық тауарлар мен олардың тұтынушыларына келетін болсақ, республика аумағында келесі көріністі көруге болады. Қазақстан әлі де болса ТМД елдерінің арасындағы ірі астық экспортері міндетін атқарады. 2005-2006 жж. Қазақстан бидайының әкспорттық потенциалы 5,2 миллион тонна болды. 2006 жылғы Қазақстан бидайының негізгі түлынушылары ТМДелдері ( жалпы бидай әкспортының көлемінің 87% ) Ресей ( 56%), Өзбекістан (70%-дан астам), Қырғызстан және Белорусия (5%-дан) болды. Олармен қатар Қазақстан астығының (қатты сорттарын) Нидерланды, Италия, Эстония елдері сатып алды.

Арпаның негізгі түлынушылары Сауыд Арабиясы - 80%, Ресей - 11 %, Иран -10% елдері болып табылады. Жүн мен теріні нігізінен Қытайға ( 93%) экспорттайды. Ал мақта сатып алушылары 2006 жылы Түркия, Оңтүстік Корея, Австралия, Венгрия елдері болды. Мұнай өнімдерін негізінен Ресей, Өзбекістан, Қырғызстан елдері сатып алды.

Сонымен, Қазақстан территориясында екі ірі тауар биржасы бар - бүл Халықаралық Агроөндірістік Қазақстан биржасы (МКАБ) және Қарағандыда орналасқа «Кең-Дала» Орталық Қазақстандық тауар биржасы. Осы екі биржа ғана мемлекеттік органдардың тауар биржаларының жауап беретін талаптарын орандады. Осы екі биржаға байланысты өркениетті астық нарығы пайда болды, орта азиялық аумақта мүнай өнімдерінің нарығы қалыптасты, қара металдардың прокатын Қытай, Иран, Түркияға 10-15%-ға өндіруші зауыт бағасынан жоғары көтерме баға бойынша сату, осы мемлекеттерге қара металдарды әлем бағалары деңгейінде сату қалыптасты.

3.3.  Қазақстандағы тауар биржаларының проблемалары

Қазақстанда биржалық қозғалыстың пайда болғанына міне, 15 жылдан астам уақыт болып қалды. Бұл бағыттаға даму жолының бірқатар проблемалары бар. Ең бастысы тауар биржаларының инфроқұрылымының әлсіздігі. Бұл - сауда саттық процессіне мыңдаған кәсіпорындардың, ұйымдардың және жалпы халықтың енуіне едәуір кері әсерін тигізуде. Ал шикізат ресурстарын тікелей өндірушілер мен тұтынушылар, банктер, несиелік ұйымдар мен экономикалық институттар керекті мәліметке зәру, тауар биржасының мақсаты мен ережелерінен хабарсыз, тауар биржасы ұсынатын мүмкіншіліктерді де білмейді. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі, мысалы Англияда, Германия мен АҚШ-та классикалық тауар биржасы коммерциялы емес ұйым болып табылады. Оның басты міндеті мен мақсаты - еркін бәсекелестікті бақылауға арналған механизмді құру және бәсекелестіктің көмегімен сұраныс пен ұсынысты ескере отырып нақты нарықтық бағаларды анықтау. Сондықтан да тауар биржаларының дүниежүзілік экономикадағы және жеке елдердің халық шаруашылығындағы рөлін кемітуге болмайды.

Біздің заңымызда бұл құрылымның биржалық қызметтен басқа еш нәрсемен, әсіресе коммерциялық іс-әрекетпен шұғылдана алмайтыны анық көрсетіліп, жазылған. Өйткені, егер де тауар биржасы коммерциялық әрекеттермен шұғылданса, биржа тек өзінің құрылтайшыларының қалтасын толтырып, дивиденттерді алуға бағытталып кетуі мүмкін. Алайда, биржа дегеніміз ерекше құрылым. Жоғарыда айтылғандай, оның басты мақсаты -еркін бәсекелестік баға құрылымы (бағалар өте сезімтал әрі нарық конъюнктурасына өте бейімделгіш). Ал тауар биржаларында стратегиялық сипаты бар тауарлар айналыста болатындықтан, бүл бағалар мемлекет экономикасының индикаторы болып табылады. Құқықтық базаның кемшіліктері, нақтылы ережелер мен заңдылықтардың жоқтығы, биржалық қызметтің мемлекет тарапынан керекті мөлшерде реттелмеуі мен қадағаланбауы, тауар биржаларының іс-әрекетін дамыту қажеттілігін түсінбеушілік сияқты келеңсіз жағдайлар Қазақстандағы тауар биржаларының ұлттық экономикадағы өзінше бір ақ дақ ретінде қалыптасқанына әкеп соқтырды. Бұл ақ дақты жою үшін ең алдымен тауар биржаларына байланысты, соған әсер ететін құқықтық базаны қайта қарастыру қажет. Қазіргі кезде, бәріміз білетіндей, Индустрия мен Сауда саттық Министрлігінің Сауда Комитетінде «Тауар биржалары жайлы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жайлы заңның жобасы қарастырылып жатыр. Бұл - биржалық іс-әрекеттің бүкіл заңдалақ негізін қайта қарастырып сәйкестендіруге, оны лицензиялауға, республикада жұмыс істеп отырған биржалардың ұйымдастарушылық-құқықтық формаларын жүйелеуге, және мүмкін осы тауар биржаларының іс әрекетін реттеп қадағалайтын органның мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Басқа сөзбен айтқанда, биржалық сауда саттық процессін құқықтық базаны дамыту арқасында өркениетті сипатқа келтіру мүмкіндігі бар. Қазіргі танда Қазақстандық тауа биржалары едәуір тәжірибе жинақтап алған. Бұл орайда төмендегілерді атап айтса болады:

  • тауарларды көтерме сату прцесін ұйымдастыру;
  • стратегиялық бағыты бар өнімдерге экспортты квоталарды өткзу (реализациялау);
  • стандартты контрактілерді      (фьючерстерді)   дайындау   және жобалау;
  • имемлекеттік сатып алулар бойынша саудалаулар жүргізу. Биржалардың Қазақстандағы  келесі  даму  сатысы  болып  фьючерстік биржаларды құру болып табылады. ҚОРЫТЫНДЫ

Тауар биржаларының әлем экономикасы мен Қазақстанның халық шаруашылығындағы роліне аз көңіл бөліп, аз бағалауға болмайды. Себебі, тауар биржалары белгілі бір әлемдік тауар және фондты нарықтарда өз қызметін ұсынады. Сонымен қатар баға деңгейін мемлекет бойынша белгілейді.

Осы жұмысымды жасай отырып, мен тауар биржаларының ұйымдық құрылымы мен қызметін, еліміздегі тауар биржаларының қызметі сияқты сұрақтарды ашқым келді. Қазақстанда тауар биржаларының дамуын тежейтін негізгі проблемаларды, сонымен қатар осы проблемаларды шешу жолдарын көрсетіп, баяндадым.

Биржа жұмысының принциптері:

  • брокер мен клиент арасындағы сенімділік;
  • жүйелілік;

Биржа құрлымының бөлімдері:

  • есептесу бөлімі;
  • тіркеу комиссиясы;
  • клирингті комиссия;
  • ішкі байланыс бөлімі;
  • консалтинг бөлімі;
  • әкімшіл-шаруашылық бөлімі;
  • арбитражды комиссия;
  • биржалық сауда ережесі туралы комитет;

Биржаның мүшесі брокерлік фирмалардың өкілдері, дилерлер, банк және ассоциация. Биржалардың мүшелері жарна төлеп биржада бірнеше өкілі бола алады. Биржа мүшелері 2 бөлінеді:

Біріншісі, келісімдерді өз пайдасына және клиент пайдасы үшін шешеді. Екіншісі,   келісімді өз пайдасына шешеді.

Биржа мүшелері міндетті түде жиналысқа қатысып, жарна төлеп түруы қажет.

Биржаның басқаруын жиналыс шешеді, биржа кеңесі және директорлар кеңесі. Биржаның кеңесін биржа президенті басқарады. Директорлар кеңесі -биржаның орындаушы комитеті. Әрбір биржа өзіндік бағалы қағазды таңдайды. Бірақ әртүрлі бағалы қағазды бірден сауда алатын мекемелер бар. Биржалардың табысының негізгі көзі:

  • жарна төлем және делдалдық төлем;
  • листинг үшін төлем;
  • шығындарды жабу үшін төленетін жарна төлемдер;

Көптеген әдебиеттерді талдап, қарағаннан соң, мен осындай бір нәтижеге келдім - тауар биржаларының әлем экономикасы мен Қазақстанның халық үшін аруашылығындағы ролі өте маңызды. Олар атқаратын функциялар экономикада өте маңызды болып табылады.

Әлемдегі ірі биржалар

Англия

Baltic Exchange (BaltEx) - Лондон фрахт биржасы

International   Petroleum   Exchange,   IPE   -  Лондондағы халықаралық мұнай биржасы

London International Financial Futures and Options Exchange, LIFFE – Лондон фьючерстік және опциондық халықаралық биржасы

London Metal Exchange - Лондон металл биржасы

Австралия

Australian Wool Exchange, AWEX - Австралия жүн биржасы

Sydney Futures Exchange, SFE - Сидней фьючерстік биржасы

Rosario Futures Exchange, ROFEX - Росарио фьючерсиік биржасы

Бразилия

Bolsa de Mercadorias & Futuros, BM&F - Сауда фьючерстік биржасы

Венгрия

Budapest Commodity Exchange, BCE - Будапешт тауар биржасы

Германия

Bremen Cotton Exchange - Бремен мақта биржасы

Warenterminborse Hannover, WTB - Гонновер жедел тауар биржасы 

Голландия

Pan-European Exchange, Euronext - Пан-европалық биржа 

Үндістан

Bombay Commodity Exchange Ltd, BOOE - Бомбей тауар биржасы

Coffee Futures Exchange India Limited, COFEI - Үнді кофе фьючерстік тауар биржасы

Индонезия

Jakarta Futures Exchange, JFX - Джакарта фьючерстік биржасы

Италия

Associazione Granaria di Milano - Миландық астық ассоциациясы

Borsa Merci di Modena - Модена тауар биржасы

Borsa Merci di Roma - Рим тауар биржасы

Канада

Canadian Wheat Board, CWB - Канадалық бидай биржасы

Winnipeg Commodity Exchange, WCE - Виннипег тауар биржасы

Кения

Kenya Agricultural Commodity Exchange, KACE  - Кениялық ауыл шаруашылықтық тауар биржасы 

Қытай

China Zhengzhou Commodity Exchange, CZCE - Чанчжоу тауар биржасы

Dalian Commodity Exchange - Далиндік тауар биржасы

ShangHai Futures Exchange, SHFE - Шанхай фьючерстік биржасы

 

Румыния

Romanian Commodities Exchange, BRM - Румыния таура биржасы 

АҚШ

Chicago Board of Trade, CBOT, CBT - Чикаголық жедел тауар биржасы

Chicago Mercantile Exchange, CME - Чикаголық тауар биржасы

Industrial Materials Exchange, IMEX - Индустриялық материалдар биржасы

Kansas City Board of Trade, KBT - Канзас-Сити сауда биржасы

Minneapolis Grain Exchange, MGEX - Миннеаполис астық биржасы

New York Board of trade, NYBOT - NYBOT Tayap биржасы

New York Mercantile Exchange, NYMEX\CQMEX - Нью-Йорк сауда биржасы

Түркия

Edirne Trade Exchange, ETB - Эдирне тауар биржасы

Polatli Grain Exchange, PTB - Полатли астық биржасы

Франция

Marchea Terme  International  de France,  MATIF - Париждегі жедел  қаржы биржасы 

Оңтүстік Африка

South African Futures Exchange, Safex - Оңтүстік Африкалық фьючерс биржасы

Жапония

Central Japan Commodity Exchange, C-COM - Орталық Жапониялық тауар биржасы

Kansai Commodities Exchange, KANEX - Канзай тауар биржасы

Osaka Mercantile Exchange, OME - Осака тауар биржасы

Tokyo Commodity Exchange, TOCOM - Токио тауар биржасы

Tokyo Grain Exchange, TGE - Токио астық биржасы

Yokohama Commodity Exchange, Y-CQM - Иокогама тауар биржасы

Қазақстан республикасында биржалық сауда 1992 жылдан бастап пайда болды.

Ақпарат көзі: http://www.kisi.kz/Parts/Economy.html 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Экономикалық теория. (Әубәкіров, Байжұмаев, Жақыпова, Табаева) Алматы,1999ж.
  2. Шеденов Ө. Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-Алматы, 2002ж.
  3. Нұрғалиев. Қазақстан экономикасы Алматы,1999ж
  4. Әубәкіров Я. А. Экономикалық теория. Алматы, 1999ж.
  5. Экономикалық теория негіздері (Я. А. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев). – Алматы: Санат, 1998.
  6. Экономикалық теория: оқу құралы (Я. Ә. Әубәкіров, Б. Б. Байжумаев, Ф. Н. Жақыпов, Т. П. Табеев). – Алматы: Қазақ ун-ті, 1999.
  7. Жалпы экономикалық теория. (Ө. Қ. Шеденов, Б. А. Жүнісов, Ү. С. Байжұмартов, Б. И. Комягин) – Алматы, - Ақтөбе, 2002.
  8. Экономикалық теория: (Мәуленова Ж. С., Бекмолдин С. Қ., Құдайбергенов Е. Қ.) – Алматы: Экономика, 2003.
  9. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.
  10. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Алматы, 1995.
  11. «Капитал» газет 15,11,07ж. 7 бет. №44 (131)

Похожие материалы