
Трамп пен Путиннің әңгімесі 2,5 сағатқа созылды. Олар телефон арқылы Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге түбегейлі қадам жасау және тұтқын алмасу жайын талқылады.
Трамп 30 күн бойы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасамау туралы ұсыныс берді, Путин келісті.
«Владимир Путин бұл бастамаға оң пікір білдіріп, ресейлік әскерге дереу тиісті бұйрық берді», – деп хабарлады Кремль.