Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Xiaomi қолданыстан шығарылған смартфондарының тізімін жариялады

Xiaomi қолданыстан шығарылған смартфондарының тізімін жариялады

Xiaomi кеше "Қолданыс мерзімі аяқталған" (End of Support, EoS) смартфондарының тізімін жаңартты. Бұл құрылғылар енді жаңартуларды алмайды.

Тізімде 2020 жылдан бері шыққан Redmi Note 10 Pro, Poco X3 Pro, Xiaomi Mi 11 Lite және Xiaomi Mix Fold смартфондары да бар. Айта кету керек, Mi 11 Lite моделінің екі нұсқасы бар - 4G (lisa) және 5G (renoir). 4G нұсқасы (lisa) ғана "ескіргендер" тізіміне кірген.

Компания бұл құрылғылардың иелеріне жаңа үлгілерге көшуге кеңес береді, өйткені ресми қолдаусыз құрылғылардың қауіпсіздігі қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ, оларда пайда болатын бағдарламалық ақауларды түзету болмайды.

Айта кетейік, Xiaomi жыл сайын жаңартып отыратын, ескіргендер тізімінде Mi-ден Mi 1-ден бастан Mi 11 Lite -ке дейінгі 81 түрі, Redmi-ден Redmi 1 -ден бастап Redmi Note 10 Pro, POCO бойынша POCO F1-ден бастап POCO M3-ке дейінгі 15 түрі бар. Толық тізіммен мына сілтеме арқылы таныссаңыз болады.

Бұл телефондардың көпшілігі Қазақстанда сатылғандықтан жаңа немесе қолданыста болған түрі де сатылымда болуы мүмкін. Алайда олар жоғарыдағы тізімге енген соң, бағдарламалық шешімдері жаңармайды, сыртқы қаптары сияқты аксессуарлары, бөлшектері шығарылмайды. Сондықтан сатып алатын кезде абай болыңыз.

Ұқсас материалдар