Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Зейнетақы қаржысы жалған қызмет арқылы ұрланған: тергеу жүріп жатыр

Зейнетақы қаржысы жалған қызмет арқылы ұрланған: тергеу жүріп жатыр

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) жалған медициналық қызметтер көрсету арқылы 200 миллиард теңге көлемінде қаржының заңсыз шығарылғаны белгілі болды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдау кезінде Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мәлімдеді.

Агенттік деректеріне сәйкес, ақша «стоматологиялық қызмет көрсетілді» деген жалған құжаттар арқылы жеке компаниялар мен тұлғалардың шоттарына аударылған. Бұл қылмыстық схема зейнетақы жинақтарын мақсатсыз және заңсыз пайдалануға бағытталған.

Кездесу барысында агенттік басшысы 2025 жылдың алғашқы сегіз айында атқарылған негізгі жұмыстарды таныстырып, мынадай фактілерді атады:

  • 24 млрд теңге заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компаниялар анықталды;

  • 20 криптобиржаның қызметі тоқтатылды, 9,7 млн доллар көлеміндегі виртуалды актив бұғатталды;

  • ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылды — ол 200-ден астам есірткі сататын darknet-дүкенмен жұмыс істеген;

  • 720 қылмыстық іс тергеліп, 15 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 3 трансұлттық топ жойылды;

  • 17,1 млрд теңгенің мұнай өнімдері мен 12 млрд теңгенің көлеңкелі вейп өнімдері заңсыз айналымнан шығарылды.

Қаржы пирамидалары мен микронесиелер

Агенттік сонымен қатар заңсыз микроқаржылық ұйымдарға қатысты 23 іс қозғап, 71 млрд теңге көлеміндегі заңсыз берілген несиелерді тергеп жатыр.

45 қаржы пирамидасы таратылып, 112 мыңнан астам азамат қорғауға алынды. Құмар ойындар мен алаяқтық жобаларға қатысы бар 31,5 мың сайт бұғатталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік жұмысына оң баға беріп, қаржылық қауіпсіздікті арттыру және заңсыз жолмен алынған кірістерге тосқауыл қою бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас материалдар