Судья 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды

ұсталды
Фото: politinfo.com.ua

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Алматы қалалық Әуезов ауданы №2 сотының судьясы 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды, — деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Оқиға үстінде ұстап алу 2019 жылы 2 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының және Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік бөлімінің мамандарының өзара бірлесіп жүргізген іс-қимылы барысында жүзеге асты.

Судья Андрей Штейнкенің ұсталуына қатысты қазіргі уақытта қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2018 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство 2 мың 432 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде 73% — сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1 мың 96 мемлекеттік қызметші тартылды. Олардың 20-ы республикалық деңгейдегі, 83-і облыстық және 134-і қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар. Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында басқа өңірлермен салыстырғанда сыбайлас жемқорлықтың ең төмен деңгейі. Жамбыл облысында (45% — дан астам) және Қарағанды облысында (30% — дан астам) деңгейді айтарлықтай төмендетті.

Орталық мемлекеттік органдардың арасында ахуалды жақсарту бойынша көшбасшы Инвестициялар және даму министрлігі (84-тен 32-ге дейін) және Ұлттық экономика министрлігі (16-дан 6-ға дейін) болып табылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуі білім беру (23%-ға, 213-тен 163-ке дейін) және әлеуметтік қамтамасыз ету (56%-ға, 99-дан 43-ке дейін) салаларында байқалды.