
Құжатқа сәйкес:
– Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі – Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржылық мониторинг жүргізетін және өзге де шараларды қабылдайтын, сондай-ақ осы органның құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган, – делінген Жарлықта.
Агенттік өз құзыреті шегінде шешім қабылдауда дербес, сондай-ақ облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесі және өзінің қарамағындағы ұйымдары бар.
Ережеге келесі қосымша функциялар енгізілді:
– агенттікке бағынысты ұйымдарға ақпараттық жүйеден деректер, мәліметтер және өзге де құжаттарды беру қағидасын бекітеді;
– кезектен тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңі мен мерзімін айқындайды;
– құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп психологиялық-әлеуметтік зерттеулер жүргізудің тәртібі мен әдісін бекітеді.
Сонымен қатар, жаңа редакцияда агенттіктің бірқатар функциясы жазылған:
– заңға сәйкес қаржылық мониторингке жататын ақша немесе өзге де мүлікпен жасалатын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асырады;
– агенттіктің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді, агенттіктің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ агенттікке бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асырады;
– қызметке үміткердің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіші мен бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтинг) айқындау тәртібі мен әдісін бекітеді.
Жарлық 2025 жылғы 17 шілдеде қолданысқа енгізілді.