Банк қызметкері клиенттердің ақшасын ұрлаған

банк
Фото: sudak.me

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz — ШҚО Полиция департаментінің киберқылмыстыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің қызметкерлері банктердің бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, банк қызметкерінің клиенттердің шоттарынан ақша ұрлағанын әшкереледі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 27 жасар банк карталары бойынша менеджер клиенттердің банк карталары бойынша деректер базасына қолжетімділікті пайдаланғандығы анықталды. Ол өзінің абоненттік нөмірін банктік шоттарға заңсыз тіркеген, содан кейін «Онлайн-банкинг» арқылы банк клиенттерінің ақша қаражатын ұрлаған.

Келтірілген шығын 1,6 млн теңгеден асты.

Қазіргі таңда банк қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі («Ірі мөлшерде ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.