Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы экономикалық көрсеткіштерді жариялады.
Оның айтуынша, жыл қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 6,5%-ға өсіп, құндық мәнде 20,1 млрд долларды құрады. Өсімге негізгі салалардың жедел дамуы әсер еткен.
Премьер-министр салық, бюджет және тариф саясатына енгізілген реформалар құрылымдық теңсіздіктерді азайтуға мүмкіндік бергенін айтты. Соның нәтижесінде Ұлттық қордан трансфертсіз үш жылдық бюджет қалыптастырылып, 2028 жылға қарай бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 0,9%-ына дейін қысқарады. Ал жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 34%-ға дейін төмендейді.





