Қазақстан Ұлттық банкі ипотекалық несиелеуге қатысты жаңа реттеу шараларын әзірлеуде.
Бұл туралы банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, 25% мөлшерлемемен берілетін ипотека халық үшін қауіпті, өйткені мұндай несие төлемді бірнеше есе арттырады. Соған қарамастан, елде ипотекаға сұраныс жоғары болып, несие беру көлемі өсіп келеді.
Ұлттық банк жаңа реттеу тетіктерін келесі жылдың шілдесіне дейін енгізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ 2027 жылғы 1 шілдеден бастап ипотеканың тиімді жылдық мөлшерлемесін есептеудің жаңартылған жүйесі енгізіледі.





