Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алғашқы АЭС іргетасы қашан қаланады?

Алғашқы АЭС іргетасы қашан қаланады?

   Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасының (АЭС) құрылысында жоспарланған жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр.

Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ақордада журналистердің сауалдарына жауап бере отырып мәлімдеді. Оның айтуынша, АЭС құрылысының «бірінші бетоны» шамамен 2029 жылы құйылады.

Агенттік басшысы «Росатом» тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны жоғары екенін атап өтті.

«Жұмыс өте сәтті басталды. Қазір шамамен 50 ұңғыма бұрғыланды. Топырақ алынып, сарапталып жатыр. 2 мың нүктеден радионуклидтерге талдау жасалды. Гидрологиялық, гидротехникалық, инженерлік және топографиялық зерттеулер жүргізілді. Екі гидробекет орнатылды. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр. 18 ай ішінде жобалау-іздестіру жұмыстары толық аяқталып, стансаның түпкілікті пішіндемесі дайын болады», – деді Сәтқалиев.

Кадр дайындау жұмыстары басталды

Алмасадам Сәтқалиевтің мәліметінше, АЭС үшін кадрларды даярлау процесі де жолға қойылған. Қазақстанның 7 жоғары оқу орнында мамандандырылған бөлімшелер ашылған. Сонымен қатар Мажарстан, Франция, Жапония, Қытай және Ресейдің мамандар даярлау орталықтарымен келісімдер жасалған.

«Қытай тарапынан шамамен 200 грант бөлінді. Біз қазір жас мамандардан өтінім жинап жатырмыз. Олар Франция, Қытай, Ресей және Мажарстандағы энергетикалық нысандарда тәжірибеден өтеді», – деді ол.

2029 жыл АЭС құрылысының негізгі кезеңі

Сәтқалиевтің айтуынша, ресейлік жоба бойынша стансаның алғашқы бетон құю жұмыстары 2029 жылы басталмақ. Бұл кезең АЭС құрылысының негізгі техникалық бөлігінің басталуын білдіреді.

Ұқсас материалдар