«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жеңілдікті несиелерге өтінім енді Amanatnesie.kz онлайн-платформасы арқылы қабылдана бастады.
Жаңа сервисте пайдаланушылар несиелеу талаптарымен танысып, өтінімді электронды форматта толтырып, қажетті құжаттарды жүктей алады. Сондай-ақ өтінімнің қаралу барысын онлайн бақылау мүмкіндігі қарастырылған. Өтінім толтыру шамамен 10 минут, қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5% мөлшерлемемен, 5-7 жыл мерзімге беріледі. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке, кооперативтер 8 мың АЕК-ке дейін несие ала алады.





