Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АҚШ пен Қазақстанның іскерлік қатынасы жаңа деңгейге көтерілді

АҚШ пен Қазақстанның іскерлік қатынасы жаңа деңгейге көтерілді

Алматы. 26 қазан. 7kun.kz - Бүгін Алматыға АҚШ сауда миссиясы келді. Сапарын Астанадан бастаған миссияны қазан айындағы АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастағы ең маңызды оқиға деп бағалауға болады. Оған себеп – екі ел арасындағы сауда, экономика, іскерлік қарым-қатынасты арттыру мақсатымен сауда миссиясы бірінші рет келді.

Сауда министрі Уилбур Росс бастаған АҚШ делегациясы алдымен Президент Назарбаевпен кездесті. Бұл сапарды Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары кезіндегі келіссөздердің жемісі десе болады. Мұны Президенттің өзі Уилбир мырзамен кездесуде бас айтты.

«Біз Президент Дональд Трамппен кездесуде өзара түсіністікке қол жеткіздік. Екі едің серіктестігі жоғары деңгейге көтерілді. АҚШ-қа сапарым кезінде мен «бизнес капитандарымен» кездестім. Бірккен бизнес-форумда құны 7 миллиард долларлық 27 түрлі коммерциялықкелісімге қол қойылды. Бүүгінгі таңда екі ел арасындағы сауда айналымы 2 миллиард доллар шамасында. Биыл бұл көрсеткіш 30% өсті», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Уилбур Росс бұл қарым-қатынасты арттыруға дайын екенін, Қазақстанға 16 америкалық компания келгенін айтты.

Сауда миссиясымен келген компания өкілдері қазақстандық бизнеспен танысып, өз әлеуеті туралы баяндауы үшін кеше Астанада бизнес-форум өтті.

Уилбур Росс мырзаның айтуынша қазіргі таңда Қазақстанда 150 америкалық компания жұмыс істейді. Олар салған инвестиция – 26 млрд долларды құрайды.

Бизнес форум барысында  ауылшаруашылығы, инфрақұрылым, әуеқұрылысы, ақпараттық технологиялар мен цифрландыру  бағытында 8 екіжақты құжатқа қол қойылды. Қол қойғандар арасында Valmont, MasterCard, Honeywell мен Sierra Nevada Corporation компаниялары бар. Айта кетейік, бұлар АҚШ-тағы ірі бизнес  құрылымдар санатынан.

Астанадағы форумнан кейін АҚШ делегациясындағы бизнес қауымдастық өкілдері бүгін Алматыға келді. Алдымен бизнес өкілдерімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты талқылаған делегация басшылары Алматының әкімі Бауыржан Байбекпен кездесті.

«Біз Қазақстанмен  тиімді серіктестікті нығайтуға ниеттіміз.Бұл бағытта 8 мәміле жасалып, қазақстандық болашақ серіктестермен 16 кездесу өткізілді»,- дейді АҚШ Сауда министрлігінің сауда мәселелері жөніндегі министр-кеңесшісі Майкл Лалли.

Жиында сөз алған ҚР АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановтың айтуынша АҚШ компаниялары жалпы құны 30 миллиард доллар инвестиция салған. Түрлі дәрежедегі 500 АҚШ компаниясы жұмыс істейді. Қазақстан соңғы жылдары бизнесті дамытуға барынша күш салып отырғанын айтқан елші, екіжақты келіссөздердің жемісті болатынына сенім білдірді.

Елші мырзаның сөзін Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев пен қалалық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы Нұрлан Қабыштаев та қостады.

Мәдиев мырзаның айтуынша Алматыда шетелдік инвестиция көлемі артып келеді. Биыл бұл көрсеткіш 25% ұлғайған. Қалада инвесторлар мен бизнеске қолайлы жағдай барынша жасалуда. Мұны екіжақты кездесуде қала әкімі Бауыржан Байбек те мақұлдады.  Әкімнің айтуынша Алматы бизнес пен жеке капитал қаласы. Мұнда ірі халықаралық ұйымдар мен 60-тан астам трансұлттық компаниялардың, еліміз банктері мен сақтандыру компанияларының бас офистерінің 90%-ның, 29 консулдық пен сауда өкілдіктерінің орналасқан.

Елімізге оның ішінде Алматыға  америкалық  сауда миссиясының тұңғыш рет келгенін атап өткен қала әкімі барынша қолдау білдіруге дайындығын білдірді.

Кездесуде Алматыда  америкалық капиталдың қатысуымен  168 компанияның жұмыс істейтіні белгілі болды. Олар негізінен телекоммуникация, қаржы, сауда саласында. Өткен жылы АҚШ пен Алматы арасындағы сауда айналымы 400 млн долларды құраған.

Алдағы уақытта бұл қатынас әрі де тереңдей түспек. Өйткені АҚШ-тың инвестиция арқылы Қазақстан экономикасын  дамытуға үлес қосу жоспары бар.

«Алматы әкімі қаланың бизнес жобалардың жеңіл іске қосылуына ниетті екенін білдік. Алматы тек Қазақстан ғана емес Орталық Азиядағы бизнес-инновация мен кәсіпкерліктің орталығы. Біз бірлескен кәсіпорындар құрамыз», - деді кезедсуге қатысқан АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Эрик Майер.

Бас консулдың айтуынша бұл сапар екі жақ үшін де жемісті. Бұл сапардың басты жемісі деп  АҚШ Сауда министрінің келуін айтуға болады.

«Бұл Трамп әкімшілігінің Қазақстанды стратегиялық әріптес санайтынын білдіреді. Сауда министрі Уилбур Росстың сапары барысында Астанада 16 америкалық компанияқазақстандық министрлер, бизнес өкілдерімен кездесті. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс екіжақты қарым-қатынасты нығайта алатын және негізгі бөлігі. Бұл сапар екі ел президенттерінің кездесулерінің тікелей нәтижесі», - деді АҚШ-тың бас консулы.

   

Ұқсас материалдар