Астана қаласының әкімдігі жеңіл рельсті көлік – LRT жүйесінде бір реттік жол жүру құнын 200 теңге деп белгілеуді ұсынып отыр.
Тиісті жоба Ашық НҚА порталы сайтында жарияланып, қоғамдық талқылауға шығарылды.
Ұсынылған тариф бойынша:
-
төлем қолма-қол және қолма-қолсыз тәсілмен жүргізіледі;
-
кейбір санаттағы азаматтар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі сақталады;
-
жеңілдіктер электронды атаулы көлік картасы арқылы беріледі.
Астана LRT бойынша билет құнына қатысты түпкілікті шешім қоғамдық талқылаудан кейін қабылданады.





