Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Байқоңыр ғарыш айлағынан ирандық Jam-e Jam 1 спутнигі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан ирандық Jam-e Jam 1 спутнигі ұшырылды

Иранның Jam-e Jam 1 телекоммуникациялық спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан Протон‑М зымыран-тасығышының көмегімен орбитаға сәтті шығарылды.

Ирандық БАҚ мәліметінше, Jam-e Jam 1 – ел үшін геостационарлық орбитада қоғамдық телехабар таратуға арналған алғашқы спутник. Аппарат мемлекеттік телехабар тарату жүйесінің мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Айта кетейік, «Протон-М» ауыр класты зымырандарға жатады және автоматты ғарыш аппараттарын Жер маңындағы әрі алыс орбиталарға шығару үшін қолданылады.

Ұқсас материалдар