Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банк омбудсманына қалай жүгінуге болады?

Банк омбудсманына қалай жүгінуге болады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие бойынша банкпен келіспеушілік туындап, оларды өзара шеше алмаған жағдайда банк омбудсманына жүгінуге болатынын түсіндірді. 

Ол қарыз алушылар мен банктерге өзара ымыраға келуге көмектесетін делдал ретінде әрекет етеді.

Омбудсманның қызметтері – тегін. Оның басты мақсаты – тараптар арасындағы өзара тиімді шешімге қол жеткізу.

Банк омбудсманына қандай жағдайда жүгіну керек?

Банк омбудсманы қарыз шартының талаптарын өзгертуге, берешекті қайта құрылымдауға және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты дауларды қарайды.

Алайда оған келесі жағдайларда жүгінуге болмайды:

  • іс сотта қаралып жатыр немесе сот шешімі шыққан;
  • банктік ұйымға жүгінгенін растайтын дәлелдер болмаса;
  • жаңа мән-жайларсыз қайталанған өтініштер;
  • заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер немесе өкілеттігі расталмаған үшінші тұлғалар өтініш берген жағдайда;
  • микроқаржы ұйымдарындағы (МҚҰ) қарыздар бойынша (бұл жағдайда микроқаржылық омбудсманға жүгіну қажет);
  • мәселе алаяқтық әрекеттерге байланысты болса.

Банк омбудсманына жүгіну үшін қандай құжаттар қажет?

Қарыз алушы келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • банктік қарыз шарты мен төлем кестесі;
  • шартқа қосымша келісімдер (бар болса);
  • банктік ұйымға жіберілген өтініштің көшірмесі және оның жауабы (немесе жауаптың болмауын растайтын құжат);
  • қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттар.

Өтініш қалай қаралады?

Құжаттарды қабылдағаннан кейін, банк омбудсманы мәселені талдап, екі тарапқа да тиімді шешім ұсынады.

Егер қарыз алушы банкпен қайта құрылымдау туралы келісімге келе алмаса, омбудсман оның қаржылық жағдайына сәйкес келетін шарттарды ұсына алады.

Банк омбудсманының шешімдері қаржы ұйымдары үшін міндетті. Егер қарыз алушы шешімге қанағаттанбаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.

Банк омбудсманына қалай жүгінуге болады?

Омбдусманға келесі тәсілдер арқылы хабарласуға болады:

  • ресми сайт арқылы: bank-ombudsman.kz;
  • электрондық пошта арқылы: office@bank-ombudsman.kz;
  • жеке кездесу: Алматы қаласы, Айманов көшесі, 124, 301-кеңсе, Golden Time БО;
  • телефон арқылы: +7 771 929 33 33.

Ұқсас материалдар