Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл жұмыс істейтін қазақстандықтар декларация тапсыруға міндеттелді

Биыл жұмыс істейтін қазақстандықтар декларация тапсыруға міндеттелді

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығын есептеу кезінде салық шегерімдерін қолдану тәртібін түсіндірді. 

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінде жеке тұлғалар салық салынатын кірісті айқындау кезінде салық шегерімдерінің мынадай неғұрлым талқыланатын түрлерін қолдануға құқылы екендігі көзделген: 

  • көп балалы отбасылар үшін салық шегерімі (4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар) – жылына 282 АЕК (1 108 824 тг) аспайтын; 

2) мыналарды қамтитын өзге де салық шегерімдері, оның ішінде: 
- өз пайдасына және асырауындағы 21 жасқа толмаған (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, арнаулы орта және жоғары білім) тұлғалар бойынша оқытуға арналған шығыстар бойынша салық шегерімі – жылына 118 АЕК-тен (463 976 тг) аспайтын;
- медицинаға арналған салық шегерімі - жылына 118 АЕК (463 976 тг) аспайтын; 
- ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақылар бойынша салық шегерімі – жылына 118 АЕК (463 976 тг) аспайтын мөлшерде қолдануға құқылы екендігі көзделген.

Көп балалы отбасылар үшін салық шегерімдерінің және өзге де шегерімдердің жалпы сомасы төлем көзінен және дербес салық салу кезінде кірістердің жиынтық сомасына 564 АЕК (2 217 648 тг) аспауға тиіс.

Көрсетілген шегерімдерді жеке тұлғалар дербес, сондай-ақ салық агенті де (жұмыс беруші) қолдануы мүмкін.

«Жеке тұлға қызметкерінің кірісіне өзге де шегерімдерді қолданудың ерекшелігі жеке тұлға жұмыс берушіге күнтізбелік жылға 282 АЕК (1 108 824 тг) аспайтын мөлшерде өзге шегерімдердің алдын ала сомасын ғана қолдануға өтініш беруі болып табылады. Содан кейін мұндай адам күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ұсынуға міндетті. Бұл ретте ЖТС асып кеткен жағдайда жеке тұлға мемлекеттік кірістер органдарынан ЖТС бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызуды немесе қайтаруды талап етуге құқылы», – делінген хабарламада.

Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару үшін мемлекеттік кірістер органдары өзге де салық шегерімдерін қолданудың заңдылығына тексеру жүргізетін болады. Тексеру кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету мерзімінен кейін бір жыл ішінде жүргізіледі, ол расталғаннан кейін ЖТС бойынша шешім қабылданады (2025 жылғы міндеттемелер бойынша өзге де шегерімдерді қолданудың дұрыстығын растау кезінде қайтару 2027 жылғы 15 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады).

Кірістер комитетінің мәліметінше, Қазақстан азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасында жалпыға бірдей декларациялауға көшумен байланысты ЖТС есептеген кезде салық шегерімдерін қолдану тетігі декларацияны табыс ету кезінде тікелей салық төлеушімен жүзеге асырылуы мүмкін болатындықтан, ЖТС салу мақсатындағы салық шегерімдерінің тізбесі мен мөлшерін қайта қарау көзделгенін атап өту қажет. Бұл ретте жеке тұлғалар үшін қосымша әлеуметтік салық шегерімдерін қолдану мүмкіндігі көзделген.

Осыған байланысты, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жыл сайынғы декларациялауға әлеуметтік мүдделілігі мақсатында 2017 жылы Салық кодексінде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізудің кейінге қалдыру нормасымен, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға толық көшумен, бір мезгілде қосымша салық шегерімдері (көп балалы отбасылар үшін, оқытуға, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы) көзделген. Бұл ретте, осы салық шегерімдерін жеке тұлға кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс еткен кезде дербес қолдануға құқылы. Осы салық шегерімдерінің бір бөлігін салық агенті салық шегерімдерінің алдын ала сомасы түрінде қолдана алады.

Сонымен қатар, осы салық шегерімдерін қолдану жеке тұлғаларға: 

- салық шегерімдерін растайтын құжаттарды жинау және сақтау; 

- салық шегерімдерін қолдана және төлеуге немесе есепке жатқызуға (қайтаруға) ЖТС іс-жүзіндегі сомасын дербес есептей отырып, күнтізбелік жыл ішінде алынған барлық кірістерді көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсыну бойынша қосымша міндеттемелер жүктейді. 

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын азаматтардың қалған санатын жалпыға бірдей декларациялаудан босатуды тапсырған болатын. 

Осы тапсырманы орындау үшін төртінші кезеңді декларациялау тәртібін оңтайландыру бойынша тәсілдер әзірленді, оның шеңберінде төлем көзінен салық салуға жататын кірістер алатын жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларацияны ұсынудан босатылды. 

«Осындай тәсілмен 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша енгізілген салық шегерімдерін қолдану декларацияны ұсыну, құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды тексеру бойынша қосымша міндеттер жүктейтінін ескере отырып, мемлекеттік кірістер органдары, мүдделі мемлекеттік органдар, оның ішінде депутаттық корпус жеке тұлғалар үшін салық шегерімдері институтын оңайлату және жаңа Салық кодексінің жобасында енгізілген тетігін 2025 жылға қолдану (барлық санаттағы азаматтар үшін 30 АЕК тіркелген мөлшері) қажеттілігі туралы мәселені талқылауда. Мұндай тәсіл мақұлданған жағдайда оң нәтиже және құжаттармен растау және оларды сақтау қажеттілігінсіз, тексеру іс-шараларын жүзеге асырмай салық шегерімдерін қолдануға мүмкіндік береді және жеке тұлғалардың мәртебесі мен санатына байланыстырмай, көпшілігі қолданатын болады», – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

 

Ұқсас материалдар