Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бюджетке 17,3 трлн теңге кіріс түскен – Қаржы министрлігі

Бюджетке 17,3 трлн теңге кіріс түскен – Қаржы министрлігі

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгеге жеткен.

Осылайша, Қаржы министрлігі жоспарды 102% орындаған.
Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 116% немесе 2,4 трлн теңге болған. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түскен. Жоспар 97,3% орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», – деді Мәди Такиев.

Ұқсас материалдар