Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Былтыр экономика 4,8 пайызға өсті - Премьер-министр

Былтыр экономика 4,8 пайызға өсті - Премьер-министр

Президент былтыр 7 ақпанда өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына 10 міндет қойған болатын. 

Оның ішінде 2029 жылға қарай экономиканың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуді межесі қойылды. Ал оған қол жеткізу үшін елдің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6%-ға өсуі керек екенін баса айтты. 2024 жылдың 11 айындағы қорытындыға сүйенсек, жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4% болған.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелгенін айтты. 

«2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста – 13,1, саудада – 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді, – деді Олжас Бектенов. 

Оның айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді.

«Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+ аясындағы міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды», – деді Үкімет басшысы.

 

Ұқсас материалдар