БЖЗҚ-ның мәліметінше 27-28 желтоқсан аралығында жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты байланыс орталығына қызмет көрсету уақытша қолжетімсіз болады.
«27-28 желтоқсан аралығында жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты байланыс орталығына қызмет көрсету арналары (телефон және онлайн-чаттар) уақытша қолжетімсіз болады. Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз» делінген хабарламада.
Айта кетелік, 11 айда БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 1,65 трлн теңге болды. Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді.





