1936 жылдан бері тұтынушылардың мүддесін қорғап келе жатқан Consumer Reports коммерциялық емес ұйымы зауыттан шыққанына 3 жыл болған ең сенімді көліктердің рейтингін жариялады.
Тізімнің көшбасшылары жапондық көліктер, одан кейін еуропалық және американдық брендтер тұр.
Ықшам көліктер санатында Honda Civic, Mazda3, Toyota Corolla және Prius үздік көрсеткіштерге қол жеткізген.
Егер бизнес-седандар сегментінде Hyundai Sonata, Toyota Camry және Toyota Avalon көліктерінің иелері аз шағымданады екен. Премиум седан сегментінде BMW 5 Series, Lexus ES және Acura TLX көш бастап тұр.
Ықшам кроссовер сегментінде: Acura RDX, BMW X3, Honda CR-V және HR-V, Toyota RAV4, Volvo XC40, Subaru Crosstrek және Forester, Mazda CX-5, Lexus UX және NX, Hyundai Tucson мен Kia Sportage, ал орташа өлшемді кроссоверлер санатында Honda Passport және Pilot, Lexus RX, Lincoln Nautilus, Toyota 4Runner, Highlander және Venza, GMC Acadia бар.
Ford Ranger, Honda Ridgeline, Toyota Tacoma және Tundra пикаптар рейтингінде көш бастап тұрса, Mazda MX-5 ең сенімді спорттық көлік болып танылды.