Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

"Даму" қоры мемлекеттік бағдарламаға қатысатын кәсіпорындарға баспасөз турын ұйымдастырды

"Даму" қоры мемлекеттік бағдарламаға қатысатын кәсіпорындарға баспасөз турын ұйымдастырды
Алматыда 12 желтоқсан күні 2017-2021 жылдарға арналған «Бизнестің жол картасы-2020» және бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы «Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» және «Еңбек» бағдарламасы бойынша қолдау алған кәсіпорындарға баспасөз туры өтті. Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері мемлекеттік қолдаудың артықшылықтарын пайдаланатын үш шағын және орта бизнестің қызметімен танысты. «Жол картасы» есебінен құрылған «Trade Marketing Solutions» ЖШС жобасы 2006 жылдан бастап қазақстандық нарық үшін сауда-жарнамалық жабдықтар шығарады. Компания коммерциялық жабдықты өз бетімен шығаруға қабілетті. Сондай-ақ, «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған айналым қаражатын толықтыру үшін 40 млн. теңге көлемінде несие алды. [caption id="attachment_99787" align="aligncenter" width="5184"] ©damu.kz[/caption] «Біз үшін өндіріс - бұл жобаны іске асырудағы маңызды процестердің бірі. Біз барлық тапсырыс берушілердің сұраныстарын есепке алып, үлгіні шығарудан бастап мыңдаған данаға дейін бақылап отырамыз. «Даму» қорының бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдаудың арқасында біз барлық өнімді оңтайлы мерзімде жүзеге асырамыз. Сонымен қатар, біз өндірісіміз бен қызметтеріміздің ауқымын кеңейттік», - деді компанияның арнайы жобалар бойынша басшысы Александр Галактионов7 Сапардың келесі нысаны «EcoGreenPack» ЖШС компаниясы болды. Бұл нысан қоршаған ортаға минималды әсер ететін қауіпсіз картон қораптарын және бір рет пайдаланылатын ыдыс-аяқты керекті жерге жеткізеді. "EcoGreenPack" компаниясы нарықта 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Жас компания қазірдің өзінде серпінді дамып келеді. Компанияның басшысы айналым капиталын  «Даму» қорының кәсіпкерлік қызмет көрсету орталығына хабарласу арқылы шешкен. [caption id="attachment_99789" align="aligncenter" width="5184"] ©damu.kz[/caption] «ХҚКО менеджерімен бірлесіп "Еңбек" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес құжаттарымызды дайындадық және қаржыландыруға өтініш бердік. «Forte Bank» АҚ-ның банкі 15 миллион теңге көлемінде қарызды мақұлдады. Мен біздің бизнесті дамытуға көмектесетін «Еңбек» бағдарламасы туралы біліп алғаныма өте қуаныштымын », - дейді компания басшысы Назым Камзина. Баспасөз турының соңғы нысаны шығыс медицина орталығы - «GOLDENEAST» ЖШС компаниясы болды. Бұл орталықтың негізін қалаушылар қазақстанға белгілі отбасылық ауыр атлет шеберлері - Вячеслав Ершов пен Майя Манеза. Олар 2016 жылы шығыс медицина орталығын ашты. [caption id="attachment_99790" align="aligncenter" width="5184"] ©damu.kz[/caption] "Осы кәсіпті ашуда көмектескен "Даму" қорына ризашылығымды білдіремін. Қазір отбасылық кәсібіміз арқылы бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырмыз", - дейді шығыс медицина орталығының басшысы Майя Манеза. Мұнда келушілерге шығыс медицинасының барлық түрлері ұсынылады. Атап айтқанда, ине терапиясы, шөппен емдеу. хиджама, массаж түрлері, т.б. бар. 2017-2021 жылдарға арналған «Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында «Еңбек» шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдауды қамтамасыз ету бағдарламасы арқылы кәсіпкерлерге «Даму» қорының кепілдік бағдарламасы арқылы 5,9 млн. теңге сомасында қаржы аударған. Бүгінгі таңда Шығыс медицина орталығында 25 қызметкер жұмыс істейді.

Ұқсас материалдар