
2020-2024 жылдар аралығында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде 53 миллионнан астам контрафакт өнімнің айналымы тоқтатылды.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Минск қаласында өтіп жатқан «Антиконтрафакт-2025» XIII халықаралық форумында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, контрафакт өнімдермен күрес – бизнесті дамыту, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудағы маңызды факторлардың бірі.
«Тек 2024 жылдың өзінде ЕАЭО елдерінде 6,6 миллион дана контрафакт өнімнің заңсыз айналымы тоқтатылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда шамамен 15%-ға артық», – деді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар, министр жалған өнімдерге қарсы күресте жасанды интеллект (AI) технологиялары қалай қолданылып жатқанын да атап өтті.
«Мысалы, маркетплейстерде тауар сату жөніндегі ұсыныстарды мониторингтеу құралдары арқылы контрафакт өнімді тұтынушыға жетпей тұрып анықтауға болады. Бұл – цифрлық технологиялардың тиімділігін көрсететін айқын мысал», –деді ЕЭК министрі.