«Эйр Астана» қазақстандық әуе компаниясы 2023 жылы $68,705 млн таза пайда алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз. Бұл туралы компанияның ХҚЕС бойынша шоғырландырылған қаржылық есебінде жарияланды.
Есепте жазылғандай салық салғанға дейінгі пайда 14,1%-ға, 87,092 миллион долларға дейін, операциялық пайда 8,6%-ға, 135,981 миллиард долларға дейін төмендеген.
Бұл ретте авиакомпанияның кірісі 13,8%-ға өсіп, 1,174 млрд долларды құраған, оның ішінде жолаушылар тасымалы – 14,6%-ға, 1,144 млрд долларға, жүк және пошта тасымалынан түскен табыс – 1,7%-ға, 22,519 млн долларға дейін.
Әуе компаниясы 2024 жылы кірістің өсуін болжайды.
«Топ 2024 жылы сыйымдылықты арттыру және әуе кемелері паркін кеңейту есебінен одан әрі өсуді күтеді. Өсу екі бренд үшін де (Air Astana және FlyArystan - IF), атап айтқанда FlyArystan үшін және халықаралық бағыттар бойынша тұрақты болады», - делінген хабарламада.
«Эйр Астана» – қазақстандық ең ірі әуе тасымалдаушысы. Ағымдағы жылдың басындағы IPO нәтижесінде $370 млн-ға жуық қаражат тартты, компания $847 млн-ға бағаланды.
Лоукостер саналатын FlyArystan - «Эйр Астананың» 100% еншілес кәсіпорны. Алайда қоғам арасында кейде FlyArystan-ның бағалары «Эйр Астана» рейстерінің бағаларынан асып кететіні, локостерліктен алыс екені туралы сын жиі айтылып жүр. Бұл туралы компания пікір білдірмеді.