Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елде аграрлық саланың дамуы жеделдеді: 1 трлн теңге қолдау бөлінді

Елде аграрлық саланың дамуы жеделдеді: 1 трлн теңге қолдау бөлінді

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі соңғы он жылда 2,5 есе өскен.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында айтты. Оның айтуынша, диқандар екі жыл қатарынан мол өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген.

Президент мемлекет аграрлық секторды қолдауды жалғастырып жатқанын атап өтті. Бұл мақсатта шаруаларға тиімді қаржыландыру тетіктері қарастырылуда.

– Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін диқандарға жеңілдікпен несие беріледі. Биыл осы мақсатқа 1 триллион теңге бөлінді. Бұл — бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 есе көп. Бірақ субсидияға тым сеніп қалуға болмайды. Мұндай қолдауды көрші елдер бермейді, тегін нәрсе болмайтынын түсінуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруды, қаржыны нәтижелі бағыттар бойынша жұмсауды және салада жаңа тәсілдерді қолдануды тапсырды.

Ұқсас материалдар