
Дәл қазір елдегі цифрлық активтер нарығын дамыту және реттеу қаржы секторын цифрлық трансформациялаудың негізгі өзекті бағыттарының бірі боп тұр.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық активтер айналымының құқықтық негізін қалыптастыратын заңнамалық түзетулер кешенін дайындады», - деді ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Б. Шолпанқұлов
Түзетулер екі блокты қамтиды. Алғашқысында, блокта цифрлық қаржы активтерінің құқықтық мәртебесін анықтай отырып оларды іске қосу көзделеді.
«Екінші блокта криптовалюта қызметін жеткізушілерді лицензиялау арқылы қамтамасыз етілмеген криптовалюталардың айналымын реттеу ісін енгізу бар», - деді Шолпанқұлов.
Сонымен қатар, Ұлттық банкте цифрлық активтердің 3 түрін айқындады. Олардың алғашқысы – ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық актив, яғни стейблкоиндер болса, екінші түрі – өндірілетін цифрлық активтер, олар ақшадан басқа қаржы активтері немесе қаржы құралдарына құқықты куәландырады. Үшінші түрі – дәстүрлі қаржы құралдарының (акциялар, облигациялар, вексельдер) цифрлық баламалары. Бұл олардың эмиссиясын ұйымдастыруға және блокчейн технологиясын пайдалануға мүмкіндік береді.
"Цифрлық активтер қаржы құралдарының жаңа класы ретінде жүйеге біріктіріледі. Сондай-ақ осы мақсаттарда транзакциялар мен есеп айырысуға қызмет көрсетуді қолдау үшін эмиссия алаңы ретінде қолданыстағы инфрақұрылымдық ұйымдар пайдаланылады", - деді ҚР ҰБ Төлем жүйелері департаментінің директоры Е.Т. Ашықбеков