Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде бір жылда 234 мыңнан астам көлік сатып алынды

Елімізде бір жылда 234 мыңнан астам көлік сатып алынды

Қазақстанда өткен жылы 234 852 адам автокөлік сатып алған. Бұл туралы Қазақстан Автокөлік одағы президенті Анар Мақашева мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елде тіркелген автокөліктер саны 5,9 млн-ға жеткен. Оның ішінде:

  • 399,5 мың – 3 жылға дейінгі,

  • 1 млн – 3-7 жыл аралығындағы,

  • 606,6 мың – 7-10 жыл аралығындағы,

  • 1,4 млн – 10-20 жыл аралығындағы,

  • 2,4 млн – 20 жылдан асқан көліктер.

Бұл деректер Қазақстанда автопаркті жаңарту әлеуеті әлі де жоғары екенін көрсетеді. Одақ алдағы уақытта елдегі автокөліктерді кезең-кезеңімен жаңарту жоспары бар екенін де атап өтті.

Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары автокөлік сатылымы 15%-ға өскен. 2025 жылы 234,9 мың көлік сатылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 205,1 мың болған.

Жаңа автокөлік және автокомпонент өндірісі жобаларының арқасында шамамен 5 мың жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін. 2025 жылы Қазақстанда екі жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды: Алматыда Chery, Haval және Changan брендтері шығарылатын мультибрендті зауыт, сондай-ақ Қостанайдағы Kia Qazaqstan зауыты.

Ұқсас материалдар