Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде эономика өсімі соңғы 10 жылдағы рекордқа жетті

Елімізде эономика өсімі соңғы 10 жылдағы рекордқа жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6%-дан асады.

Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Сонымен қатар, еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 млрд доллардан асады деп болжануда.

Президент экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп жатқанын атап өтті. Шикізаттық емес экспорт көлемі соңғы жылдары шамамен 2 есеге ұлғайып, өңдеу өнеркәсібіндегі қосымша құн көлемі бес жылда 25%-дан аса өскен.

Қазақстан тауарлары қазіргі таңда 140 мемлекетке экспортталады, ал шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға жетіп, бес жылда кәсіпкерлер саны 1,5 есе, ал шығарылатын өнім көлемі 2,5 есе артты. Қазіргі таңда бизнес саласында шамамен 4,5 миллион адам еңбек етуде.

Ұқсас материалдар