
Қазақстанның Энергетика министрлігі Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) жаңғырту жұмыстарын жеделдетуге кірісті.
Бұл шаралар 2040 жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асуда.
Министр Ерлан Ақкенженовтің «ҚазМұнайГаз» басшылығымен және зауыт директорларымен өткізген кеңесінде өндіріс қуатын арттыруға бағытталған жобалар талқыланды. Жоспар бойынша, елдегі мұнай өңдеу көлемі жылына 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін ұлғайтылады.
-
Шымкент МӨЗ қуаты 6-дан 12 млн тоннаға дейін артады. CNPC компаниясымен келіссөздер жүргізілмек.
-
Павлодар МӨЗ қуатын 9 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.
-
Атырау МӨЗ бойынша өндірісті 6,7 млн тоннаға дейін арттыру және жөндеу аралық кезеңдерін ұзарту көзделуде.
Министр барлық жобаларды жеке бақылауына алып, ведомствоаралық кедергілерді жоюға қолдау көрсететінін айтты. Жобалардың жол карталары жаңартылып, орындалуы ай сайын бақыланады.
Кеңес соңында бірқатар сала мамандары кәсіби мерекеге орай мемлекеттік наградалармен марапатталды.