Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Freedom Holding Ресейден кетеді

Freedom Holding Ресейден кетеді

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz – Украинадағы соғыс пен оның қаржы нарығына тигізетін әсеріне байланысты Freedom Holding ресейлік активтерді топ құрамынан шығару туралы шешім қабылдады. Бірінші кезеңде ол активтерді сатып алушы үміткер ретінде холдингтің негізгі иесі Тимур Турлов, деп хабарлайды 7kun.kz Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

CEO Freedom Holding Corp негізін қалаушы 34 жастағы Тимур Турлов Reuters агенттігіне берген сұхбатында өзінің жоспарлары туралы айтты. Бұл шешім Мәскеу мен Батыс арасындағы саяси шиеленістің және соған байланысты шектеулердің әсерінен қабылданды.

"Бұл ресейлік компания Ресейде өз бетінше бизнесті жалғастыра алуы үшін жасалады. Бүгін біз АҚШ-тың резиденттері үшін Ресейге салынған кез-келген инвестицияға тыйым салынғандықтан, сондай-ақ, резидент еместер тұлғалармен жасалған мәмілелерге де көптеген шектеулер бар. Соған байланысты ресейлік бизнесті америкалық холдингтің ішінде сақтау мүмкіндігін көріп отырған жоқпыз",— деді Турлов.

Мәміленің бірінші кезеңінде Турлов Ресейдегі Freedom Finance $35 млн капиталын 18 мамырда холдинг құрамына кірген қазақстандық екі сақтандыру компаниясының $35 млн капиталына айырбастауды көздейтін мәміле шеңберінде жеке тұлға ретінде ресейлік бизнесті сатып алмақшы.

"Бизнестің өзі (ресейлік) сақталады, өйткені біздің клиенттеріміз көп, Ресейде есеп айырысу және дамудың қызықты стратегиясы бар. Бірақ ресейлік бизнес холдингтен тәуелсіз болады", — деді Турлов.

Турловтың айтуынша, болашақта АҚШ қор нарығындағы, сондай-ақ, Мәскеу мен Еуропалық биржалардағы сауда-саттыққа тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ететін Freedom Finance атауы өзгертіліп, ресейлік топ-менеджерлер командасына сатылады.

Ұқсас материалдар