Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

G7 елдері мұнай қорын бірлесіп пайдалануды қарастыруда

G7 елдері мұнай қорын бірлесіп пайдалануды қарастыруда

«Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері резервтегі мұнай қорларын бірлесіп пайдалану мүмкіндігін талқылайды.

Бұл шешім мұнай бағасының 2022 жылдың ортасынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілуіне байланысты қабылдануы мүмкін.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ, Ұлыбритания және Жапония секілді үш мемлекет бұл идеяны қолдаған. Сарапшылар мұндай қадам жеткізілімді уақытша арттырса да, мұнай өңдеу қуаттарының тапшылығын толық өтемейтінін айтады.

Эксперттер сондай-ақ, Таяу Шығыстағы қақтығыс ұзаққа созылса, мұнай бағасы қайтадан күрт өсіп, барреліне 120 долларға жетуі мүмкін екенін ескертеді.

«Үлкен жетілік» клубына Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ кіреді.

Ұқсас материалдар