Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Google Podcasts өз жұмысын тоқтатады

Google Podcasts өз жұмысын тоқтатады

Google Podcasts қолданбасы тұтынушыларына биыл жұмысын тоқтататыны туралы хабарлады. 

"Ауысу процесін жеңілдету үшін подкаст-шоу жазылымдарыңызды YouTube Music-ке оңай көшіруге немесе подкаст-шоу жазылымдарыңыздың файлын жүктеп алуға мүмкіндік беретін құралды пайдалана аласыз. YouTube Music арқылы дәл Google Podcasts қолданбасындағыдай подкастарды фондық режимде жол-жөнекей тыңдап, подкастарды жүктеп алып және басқа да функцияларды ақылы мүшеліксіз пайдалана аласыз", делінген хабарламада.

‌2024 жылдың 23 маусымынан бастап Google Podcasts қолданбасында подскаст тыңдай алмайсыз. 2024 жылдың 29 шілдесінен бастап жазылымдарыңызды көшіру немесе экспорттау мүмкіндігіңіз болмайды.

Google Podcasts 2018 жылдың 18 маусымында Android құрылғыларына арналған және iOS құрылғыларында 2020 жылдың наурызында шығарылған подкаст қолданбасы. Google2023 жылдың 28 қыркүйегінде YouTube Music-ке көшу жолы арқылы 2024 жылдың 2 сәуірінде Құрама Штаттардағы қызметті жабатынын хабарлады.

Ұқсас материалдар