
Халықаралық валюта қоры мұнай бағасы 2025 жылы барреліне $68,18, 2026 жылы $64,33 болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Kazenergy.
Бұл Brent, Dubai және WTI сорттары бойынша орташа бағалар. Салыстырып қараса, сәуір айында сәйкесінше $66,94 және $62,38 (2024 жылы $79,17) деп болжанған болатын.
2025 жылы энергия бағасы 7%-ға арзандамақ, бұл бұрынғы болжамнан төмен. ХВҚ маусым айындағы бағаның өсіп кетуіне Иран мен Израиль қақтығысы себеп болғанын, бірақ жеткізілімге әсер етпегенін атап өтті. ОПЕК+ елдерінің және басқа өндірушілердің ұсынысы жоғары болғанмен, сұраныстың деңгейі төмен.
Қордың бағалауы бойынша, сұраныстың төмендеуі мен саудадағы белгісіздікке сәйкес және СТГ жеткізілімдері артады деп болжанып отырғандықтан, табиғи газдың бағасы тұрақты болып қала бермекші.