Hyundai Motor Co-ның жаңа бас директоры және президенті ретінде Хосе Мунос тағайындалды. Бұл туралы оңтүстік кореялық автокөлік өндіруші компаниясы хабарлады.
Муньос қазіргі уақытта Hyundai компаниясының бас операциялық директоры қызметін атқарады. Ол компанияға 2019 жылы келген.
Муньос 2025 жылдың 1 қаңтарында қызметіне кіріседі. Ал осы жауапты қызметті атқарған Чанг Джхонг Hyundai Motor Group төрағасының орынбасары болмақ.
59 жастағы Муньос Испанияның тумасы және АҚШ азаматы.
Айта кету керек, Hyundai акцияларының бағасы жұма күнгі сауданың жабылуында 2,2%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері автоөндірушінің нарықтық құны 1,2%-ға өсті, ал Kospi биржалық индексі 9%-ға төмендеді.